+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІСІ
Новости территориальных организаций 17 сентября 2025

КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІСІ

КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІСІ

КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІСІ Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында кәсіподақ ұйымдарының рөлі ерекше. Олар еңбеккерлердің құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың кәсіби өсуіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Осындай жауапты істі адалдықпен атқарып жүрген кәсіподақ…

КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІСІ

🔰Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында кәсіподақ ұйымдарының рөлі ерекше. Олар еңбеккерлердің құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың кәсіби өсуіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етеді. Осындай жауапты істі адалдықпен атқарып жүрген кәсіподақ белсенділерінің бірі – Ерниязова Жанар Аманқұлқызы.

✅Жанар Еиниязованың еңбек жолы 2004 жылы туған жеріндегі Қобда орта мектебінде басталды. Жас маман өзінің білімін шәкірт тәрбиелеуге арнап, ұстаздық жолдың алғашқы қадамдарын сәтті жасады.

🔹2007 жылдан бастап Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінде қызмет етіп келеді. Бүгінде ол осы оқу ордасында кәсіби қызметін жалғастырып, талай шәкірттің өмір жолына бағыт беріп жүрген тәжірибелі маман.

📑2023 жылдан бастап Жанар Ерниязова колледждегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін қоса атқарып келеді. Бұл қызмет – үлкен жауапкершілікті, табандылықты және әділдікті қажет ететін сала. Кәсіподақ белсендісі ретінде ол әріптестерінің кәсіби өсуіне, әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысып, оқу орны ұжымының ауызбіршілігін нығайтуға елеулі үлес қосып жүр.

📚Еңбек пен қоғамдық жұмысты қатар алып жүрсе де, Жанар Ерниязова ең алдымен отбасы құндылығын жоғары қояды. Ол – сүйікті жар, үш баланың аяулы анасы. Екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған ол балалардың болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Оның жетістіктері де жоқ емес, оқу ордасында бірнеше мәрте алғыс хаттар мен құрметке бөленіп, өзінің табандылығы мен еңбексүйгіштігін дәлелдеді. Әріптестерінің бірлігіне ұйытқы болып, жастарға өнеге көрсетіп келеді.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности