+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ
Новости территориальных организаций 26 января 2026

КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ

КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ

КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ Алға ауданында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өтті. Бұл семинар «Кәсіптік…

КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ

🔸Алға ауданында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында семинар өтті. Бұл семинар «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес ұйымдастырылды. Семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен келісу комиссиясының мүшелері қатысты.

🔹Семинарда облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғаудың маңыздылығын, еңбек дауларын алдын алу шараларын, сондай-ақ ұжымдық шарттарды орындау және еңбек қатынастарын тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Ол семинардың негізгі мақсаты – кәсіподақ мүшелерін құқықтық тұрғыдан сауатты ету, еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және келісу комиссияларының рөлін кеңінен таныстыру екенін жеткізді.

▪️Семинар барысында облыстық ұйымның кәсіподақ заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау тетіктеріне тоқталып, еңбек дауларының туындау себептері туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар еңбек ұжымындағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлер денсаулығын нығайтудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Келісім комиссиясы туралы ережелер, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі, келіссөз жүргізу мәдениеті және еңбек дауларын жанжалсыз шешу жолдары да талқыланды.

🔻Айта кетейік, келісу комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін орган болып саналады және кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігі өкілдерінің тең санынан құрылады. Комиссия үш жылға дейінгі мерзімге, яғни ұжымдық шарт немесе әлеуметтік әріптестік келісім кезеңіне сәйкес бекітіледі.

🔲Тыңдаушылар семинардың практикалық маңыздылығын атап өтіп, мұндай шаралар еңбек дауларын заң аясында тиімді шешуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға зор көмегін тигізетінін жеткізді. Сонымен қатар семинарға қатысушылар еңбек қатынастарына, медициналық сақтандыруға, зейнетақы аударымдарына, қызметкерлердің категориясына, кіші қызметкерлерге, жеке балабақшаларға қатысты және басқа да құқықтық сұрақтар қойды. Облыстық ұйымның өкілдері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, тәжірибелік кеңестермен бөлісті.

КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ
КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ
КӘСІПОДАҚ АЛАҢЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАРАЛДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности