+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ІСКЕР МАМАН – РАҚЫМЖАН
Новости территориальных организаций 09 февраля 2026

ІСКЕР МАМАН – РАҚЫМЖАН

ІСКЕР МАМАН – РАҚЫМЖАН

ІСКЕР МАМАН – РАҚЫМЖАН Қарапайым еңбек адамының күнделікті жұмысы көзге көріне бермеуі мүмкін. Бірақ олардың қоғамдағы орны ерекше. Өйткені ғимараттарды жылумен қамту, электр жарығының сөніп қалмауын қадағалау, ауланы абаттандыру, тағы басқа жұмыстар техникалық қызметкерлердің…

ІСКЕР МАМАН – РАҚЫМЖАН

Қарапайым еңбек адамының күнделікті жұмысы көзге көріне бермеуі мүмкін. Бірақ олардың қоғамдағы орны ерекше. Өйткені ғимараттарды жылумен қамту, электр жарығының сөніп қалмауын қадағалау, ауланы абаттандыру, тағы басқа жұмыстар техникалық қызметкерлердің күшімен жүзеге асырылуда. Міне, осы жұмыстарды жауапкершілікпен атқарып келе жатқан жанның бірі – Рақымжан ӘЛМАХАНОВ.

Бүгінгі күні ол Жамбыл облысы Талас аудандық білім бөлімінде оператор-сантехник қызметін атқарып жүр.

– Жұмысым өзіме ұнайды. Осы ғимаратта жұмыс істеп келе жатқаныма 12 жыл болды. Бұрын екі қабатты ғимаратты көмірмен жылытатын едік. Газға ауысқалы бері жұмысымыз жеңілдеп, бұрынғыдай көмір тасу, күл шығару сынды ауыр бейнеттен құтылдық. Бірақ табиғи газдың жауапкершілігі жоғары. Ошақтың айналасындағы термометрлерді уақтылы қарап, газ қысымын реттеп, электр энергиясының сөніп қалмауын бақылап отыру керек. Ғимараттың барлық жұмысы, таза ауыз су мен жылу желісі, бәрі өз бақылауымда. Есік-терезе жөндеу, электр энергиясы ақауын анықтау қолдан келетін іс, – дейді Рақымжан Ибаділдаұлы.

Жақсы маман қашанда бағалы. Ол жоғарыда аталған жұмыстардан бөлек ғимараттың ауласын абаттандырып, барлық жұмысын тындырып отырған жайы бар. Ал отбасында жұбайы Ақмарал екеуі қарашаңырақтың түтінін түтетіп, бес бала тәрбиелеп, қартайған анасына қарап отыр.

Аудан әкімдігі білім бөлімінің шаруашылық меңгерушісі Қайрат Байжігітов те Рақымжанның жауапкершілігі жоғары азамат екенін айтты. «Рақымжан өз ісін жақсы білетін маман. Тапсырған жұмысты уақтылы атқарады. Негізгі мамандығы электрик болғандықтан жарықтан, жылу қазандығынан ешқандай мәселе туындаған емес. Ақауы болса өзі тауып, дер кезінде реттеп, жөндеп қояды. Ұжымда да сыйлы. Ең бастысы – еңбекқор жан», – дейді шаруашылық меңгерушісі.

Рақымжан да ұжымның өзіне деген ниет-пейіліне разы. «Білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан беріліп жатқан марапат көп. Туристік саяхаттарға да, шипажайларға да жолдама берді. Өзім мамандығым бойынша елдің түкпір-түкпірін аралағандықтан да одан бас тарттым. Маған жұмыста отырған, үйде бақша салған ұнайды. Өзім бос қарап отыра алмайтын жанмын. Қолым бос болмауы керек. Балаларымды да жастайынан еңбекке баулып жүрмін. Еңбек еткен адамның жүзі қашанда ашық. Аз жалақы алсам да оған қанағат, шүкіршілік етем», – дейді Рақымжан Ибаділдаұлы.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности