+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРІПТЕС
Новости территориальных организаций 19 марта 2026

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРІПТЕС

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ  ӘРІПТЕС

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРІПТЕС Гүлнұр Кушанова Маңғыстау туризм колледжінде оқытушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін қоса атқарады. Ол оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, студенттердің әлеуметтік, мәдени және патриоттық тәрбиесіне бағытталған жобаларды іске асыруда…

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ӘРІПТЕС

Гүлнұр Кушанова Маңғыстау туризм колледжінде оқытушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндетін қоса атқарады. Ол оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, студенттердің әлеуметтік, мәдени және патриоттық тәрбиесіне бағытталған жобаларды іске асыруда белсенділік танытып келеді.

Гүлнұр Жексенбайқызы – «Маркетинг және нарық» атты студенттерге арналған оқулықтың авторы. Сонымен қатар отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген көптеген ғылыми мақалалардың иесі. Кәсіподақ ұйымының қолдауымен Түркия Республикасының Анталья қаласында өткен IV және V халықаралық конгрестерге қатысып, өз ғылыми мақалаларын ұсынып, халықаралық ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасты. Бұл туралы № 92103 санына «Маңғыстау» облыстық газетінде «Қазақстандық ұстаздар Түркия ғалымдарымен тәжірибе алмасты» атты мақала жарияланды.

Қоғамдық қызметі үшін Ақпарат және мәдениет министрлігі бекіткен Маңғыстау облысының волонтерлер қозғалысының амбассадоры ретінде танылды. Ел ішіндегі әлеуметтік, қайырымдылық және волонтерлік бастамалардың бел ортасында жүріп, жастарды қоғамдық белсенділікке баулуға үлес қосып келеді. Осы еңбегі үшін «Қайырымдылығы үшін» төсбелгісімен марапатталған.

2019 жылдан бастап ол Маңғыстау туризм колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. Кәсіподақ төрағасы ретінде ол білім беру ұйымы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылатын барлық іс-шаралардың бел ортасында жүріп, олардың жоғары деңгейде өтуіне тікелей ықпал етеді. Ұжым мүшелерінің бірлігін нығайту, әлеуметтік серіктестікті дамыту, мәдени-спорттық және қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда ерекше белсенділік танытады.

Гүлнұр Кушанова кәсіподақ ұйымдастырған «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» конкурсына қатысып, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі үшін 50 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Бұл жетістік оның еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы жүйелі жұмысының айқын көрінісі болып табылады.

Гүлнұр Жексенбайқызы – білім беру, ғылым және кәсіподақ қызметін өзара ұштастыра білген, кәсіби білімі мен қоғамдық белсенділігі үйлескен білікті маман. Оның еңбегі білім алушыларға сапалы білім беруге, ғылымды дамытуға және кәсіподақ қозғалысының беделін арттыруға бағытталған.

 

Маңғыстау облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности