+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ
Новости территориальных организаций 12 апреля 2026

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ 📚Ғылым – табандылық пен ізденісті, ал ұстаздық жүрек жылуын талап ететін ұлы жол. Осы екі қасиетті бір бойына тоғыстырған жас ғалым, білікті ұстаз Әбдірашит Асылбек Мирамханұлы – бүгінгі отандық ғылым мен білім саласының қарқынды дамуына үлес қосып…

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ

📚Ғылым – табандылық пен ізденісті, ал ұстаздық жүрек жылуын талап ететін ұлы жол. Осы екі қасиетті бір бойына тоғыстырған жас ғалым, білікті ұстаз Әбдірашит Асылбек Мирамханұлы – бүгінгі отандық ғылым мен білім саласының қарқынды дамуына үлес қосып жүрген тұлғалардың бірі.

✔️Ол 1994 жылдың 19 қазанында Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген ол бала кезінен білімге құштарлығымен ерекшеленді. 2001–2012 жылдары Шалқар ауданындағы №6 орта мектепте білім алып, алғырлығымен көзге түсті. Мектеп қабырғасында қалыптасқан жауапкершілік пен еңбекқорлық оны үлкен ғылым жолына жетеледі.

📄Жоғары білімін 2012–2016 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде оқып, үздік дипломмен тәмамдады. Осылайша,  техника және технологиялар бакалавры дәрежесіне ие болды. Білімге деген ұмтылысын тоқтатпай, 2016–2018 жылдары Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде магистратурада білімін жалғастырып, техника ғылымдарының магистрі атанды.

📑2018 жылдан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол тек білім беріп қана қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де белсенді айналысты.

📜Ғылымдағы ізденісін одан әрі тереңдету мақсатында 2021–2024 жылдары Қарағанды индустриялық университетінде PhD докторантурасын аяқтап, философия докторы (PhD) дәрежесін иеленді. Бүгінде ол техникалық факультет деканының орынбасары, әрі аға оқытушы ретінде еңбек етуде.

🖇️ Асылбек Әбдірашит – металлургия саласында, әсіресе ферроқорытпа өндірісі мен техногендік қалдықтарды қайта өңдеу бағытында ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген білікті маман. Оның ғылыми жұмыстарының ішінде феррохром өндірісінің шаңдарын қайта өңдеу, шлактарды тұрақтандыру, сондай-ақ отандық шикізат негізінде ферромарганец алу технологияларын дамыту ерекше орын алады. Сонымен қатар мыс балқыту шлактары негізінде жаңа материалдар алу бағытындағы жобаларға қатысуы – оның ғылымдағы жан-жақтылығын көрсетеді.

☑️Ғалымның ғылыми еңбектері де айтарлықтай. Бүгінде оның 150-ден астам ғылыми мақалалары мен тезистері жарияланған. Оның ішінде халықаралық Scopus және Web of Science базаларына енген еңбектерінің саны едәуір. Сонымен қатар 2 өнертабысқа патент, 1 монография және оқу үдерісіне енгізілген оқулықтары бар. Хирш индексінің 8 болуы – оның ғылыми еңбектерінің сұранысқа ие екенін дәлелдейді.

▫️Ғылыми жетістіктері мен педагогикалық еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағалануда. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатына ие болып, сол жылы республикалық «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды.

⚜️Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Әбдірашит Асылбек Мирамханұлындай жас ғалымдардың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Жас ғалымның еңбегі ғылымға адалдықтың, үздіксіз ізденістің және нағыз ұстаздықтың айқын үлгісі.

Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ
ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ АДАЛДЫҚ
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности