+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
Новости территориальных организаций 21 мая 2025

ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ Ақтөбе облысының Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бір мақсат, бір мүдде: жас маман мен кәсіподақ ынтымақтастығы» жастар форумы өтті. Форумға ауданның 50-ге…

ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

🧩Ақтөбе облысының Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бір мақсат, бір мүдде: жас маман мен кәсіподақ ынтымақтастығы» жастар форумы өтті. Форумға ауданның 50-ге жуық білім беру ұйымынан 100-ге жуық жас маман қатысты.

✅Аудандық форумның басты мақсаты – жас мамандардың кәсіби және шығармашылық дамуына жағдай жасау, кәсіподақпен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

🖇️Айта кетейік, бұл форум Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.

📝Форумның ресми бөлімі Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Башановтың алғысөзімен ашылды. Одан кейін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов қатысушыларды құттықтап, кәсіподақтың жастармен атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Ол кәсіподақ ұйымының басты мақсаты – жастардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ете отырып, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау екенін атап өтті.

🖇️Форум бағдарламасы бойынша “ОйланIQ” танымдық-зияткерлік алаңы ұйымдастырылып, жас мамандар топпен логикалық және зияткерлік тапсырмалар орындау арқылы ұжымдық шешім қабылдау, сындарлы ойлау, шығармашылық көзқарас таныту дағдыларын көрсетті. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, кәсіби дамуға серпін алды. Сондай-ақ, форумда қатысушыларына арналған сурет салу арқылы шеберлік сағаттары өткізілді.

✨Басқосу соңында ауданның белсенді жастары аудандық кәсіподақ ұйымының және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, үздік жас мамандарға Ақтөбе облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы мен облыстық білім басқармасының бірлескен марапаттары және Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдамалар табысталды. Ал, “ОйланIQ” танымдық-зияткерлік алаңында жеңімпаз атанған командаларға аудандық кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйақы сертификаттары берілді.

⚜️Ғасырлық тарихы бар кәсіподақ қозғалысының ізгі дәстүрін жалғастырып келе жатқан жастардың белсенділігі мен ынтымағы осы басқосуда ерекше байқалды. Форум барысында өткізілген түрлі шаралар жас мамандарға тың серпін беріп, кәсіподақтың рөлін тереңірек түсінуге, ұйым жұмысына қызығушылық танытуға жол ашты. Сондай-ақ, аудандық форум – жас мамандар мен кәсіподақ арасындағы байланысты нығайтып, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға ниетті жас буынның басын қосқан маңызды алаң болды.

ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
ФОРУМ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности