+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА СЕМИНАР ӨТТІ
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА СЕМИНАР ӨТТІ

ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА СЕМИНАР ӨТТІ

ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА СЕМИНАР ӨТТІ Кәсіподақ белсенділерін жүйелі оқыту – еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды тетігі. Осы бағытта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының…

ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА СЕМИНАР ӨТТІ

🖇️Кәсіподақ белсенділерін жүйелі оқыту – еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды тетігі. Осы бағытта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлері «Жетісу» жергілікті кәсіподағының бастамасымен Ескелді ауданында кезекті семинар ұйымдастырылды.

🔰«Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары: бастауыш ұйым төрағасының рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбындағы шараға ауданның білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ төрағалары қатысты. Семинардың басты мақсаты – кәсіподақ жұмысын жетілдіру, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді талқылау.

📋Жиынды аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Адия Айтбузинова ашып, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандырудағы бастауыш ұйым жетекшілерінің рөліне тоқталды. Ол өз сөзінде еңбек ұжымдарындағы тұрақтылық пен әділдікті қамтамасыз етуде кәсіподақтың маңызы зор екенін атап өтті.

💬Семинар барысында облыстық кәсіподақ ұйымының маманы Алуа Қабдулова іс қағаздарын жүргізу тәртібі, құжаттарды рәсімдеу, хаттамаларды дұрыс толтыру, ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кәсіподақ қызметінің тиімді әдістері мен заманауи тәсілдері таныстырылды.

🔳Тәжірибе алмасу алаңында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Райгуль Увалиева өз жұмысының оң тәжірибесімен бөлісіп, кәсіподақ мүшелерінің белсенділігін арттыру жолдарын ортаға салды.

◽️Сондай-ақ облыстық кәсіподақ ұймының заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан еңбек заңнамасындағы өзгерістерге тоқталып, педагогтардың еңбек құқықтарын қорғау, жалақы төлеу, жұмыс жүктемесін бөлу, қосымша міндеттерді атқару, ұжымдық шарттың маңызы сияқты мәселелерге кеңінен түсінік берді.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. Ұйымдастырушылар мұндай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымы

ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА СЕМИНАР ӨТТІ
ЕСКЕЛДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛДА СЕМИНАР ӨТТІ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности