+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
Новости 30 марта 2026

ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы филиалдарының есепші мамандарына арналған облыстық семинар өтті. «Кәсіподақ үйінің» мәжіліс залында ұйымдастырылған жиынға Жергілікті кәсіподақтың…

ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы филиалдарының есепші мамандарына арналған облыстық семинар өтті. «Кәсіподақ үйінің» мәжіліс залында ұйымдастырылған жиынға Жергілікті кәсіподақтың облыстық, қалалық филиалдарының есепші-мамандары қатысты.

Семинарды Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, семинардың бухгалтерлік есепті жүргізуде біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтты.

– Білімді жетілдіріп отыру ешуақытта артық емес. Әсіресе цифрландыру дәуірінде ақпарат ағынынан қалып қоймау есепшілер үшін аса маңызды. Салық кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістер де көп. Барлық есеп құралдары да электронды жүреді. Семинарға арнайы шақырылған маманның кеңесі сіздер үшін жұмыс процесін жеңілдетуге, шеберліктеріңіз бен біліктілікті арттыруға өз септігін тигізеді деген сенімдемін, – деді Ерұлан Сәбенұлы.

Семинар бағдарламасына сәйкес салық саясаты бойынша сарапшы Мұхтар Әбдіқалықовтың «Қазақстан Республикасындағы 2026 жылға арналған Салық кодексіндегі өзгерістер аясында жеке тұлғалардың табыстарына салық салу» тақырыбында оқыған лекциясы қатысушылар арасында қызу талқыланды. Лектор маңызды ақпараттармен бөлісіп, қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға Салық кодексі және басқа да заң баптары бойынша жауап берді. Ал қатысушылар өз тәжірибесінде кездескен ситуациялармен бөлісіп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.

Мұнан соң Жергілікті кәсіподақтың құқықтық инспекция жетекшісі Әлия Джолшибекова еңбекақы төлеу жөніндегі ережелердегі өзгерістерге тоқталып, құқықтық кеңес берді. Сондай-ақ, материалдық және қайырымдылық көмек, жолдамалар бойынша да толыққанды айтып өтті. Ал Жергілікті кәсіподақтың бас бухгалтері Жанбота Ибраимова салықтық есеп саясатына енгізілген өзгерістер туралы сөз етсе, есепші Айгүл Егембердиева 1С бағдарламасы бойынша практикум өткізді.

Семинар барысында есепші-мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа салық нормаларын сақтау, жалақы мен материалдық көмектің есебін жүргізу, цифрландыру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану жайына басымдық берді.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
1 / 4
Все новости

Читайте также

  • БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР
    Новости

    БЕЙНЕУДЕГІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР

    28.05.2026
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
    Новости

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМДАРЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

    27.05.2026
  • КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
    Новости

    КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР

    25.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности