+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ
Новости территориальных организаций 16 апреля 2026

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ Тараз қаласындағы №4 орта мектептің технология пәні мұғалімі Махмуд Исабекович Каримбоев ұстаздық жолда ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагогтардың бірі. Ол еңбек жолын 1986 жылы бастап, бүгінге дейін білім беру саласында үздіксіз…

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

Тараз қаласындағы №4 орта мектептің технология пәні мұғалімі Махмуд Исабекович Каримбоев ұстаздық жолда ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагогтардың бірі. Ол еңбек жолын 1986 жылы бастап, бүгінге дейін білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі – 39 жыл болса, соның 21 жылын осы мектепте өткізген. Осы уақыт аралығында талай шәкірт тәрбиелеп, әріптестерінің құрметіне бөленіп үлгерді.

Махмуд Исабекович сабағын қарапайым әрі түсінікті жеткізуге тырысады. Теорияны тәжірибемен ұштастырып, оқушылардың қызығушылығын оятуға мән береді. Оның жетекшілігімен оқушылар түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Атап айтқанда, «Тараз – менің сүйікті қалам», «Елбасы – ел тірегі» сияқты қалалық байқауларда, сондай-ақ, архитектуралық макеттер бойынша жарыстарда жақсы нәтижелер көрсеткен.

Ұстаз ретінде ғана емес, адам ретінде де ол кішіпейіл, сабырлы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жан. Әріптестері оны сенімді, ісіне ұқыпты маман ретінде бағалайды. Ұзақ жылғы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол қалалық білім бөлімі тарапынан Құрмет грамоталарымен және түрлі деңгейдегі марапаттармен наградталған.

Махмуд Исабекович отбасында ардақты әке, немерелеріне қамқор ата. Жұмысы мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтай білген жан. Сонымен бірге, ол әр шәкіртінің бойындағы қабілетті байқап, оны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оқушылармен тіл табыса білуі оның ұстаз ретіндегі басты артықшылықтарының бірі. Көп жылдық тәжірибесі арқылы ол тек білім беріп қана қоймай, өмірлік бағыт-бағдар да көрсетіп келеді. Осындай қарапайымдылығы мен жауапкершілігінің арқасында шәкірттері оны әрдайым құрмет тұтады. Ұстаз еңбегі көзге көрінбегенімен, оның нәтижесі уақыт өткен сайын айқын сезіледі.

Осындай ұстаздардың еңбегі қоғам үшін маңызды. Олар үнсіз еңбек етіп, ел болашағын тәрбиелеп келеді. Махмуд Исабековичтің өмір жолы соның бір дәлелі.

Жамбыл облыстық ұйымы

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ
ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности