+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰ…
Новости территориальных организаций 18 июня 2025

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Орал қаласындағы №51 жалпы орта білім беретін мектептің акт залында  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасымен білім беру ұйымдары басшылары…

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Орал қаласындағы №51 жалпы орта білім беретін мектептің акт залында  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасымен білім беру ұйымдары басшылары және жауапты қызметкерлер арасында еңбек заңнамасының сақталуы жөніндегі түсіндіру жұмыстары өткізілді. Оған аудандық білім беру ұйымдарының басшылары да онлайн қатысты. 

Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев соңғы уақытта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбек заңнамаларын сақтау мәселелеріне қатысты өтініштердің көбейіп, салалық келісімнің кейбір нормалары жұмыс берушілер тарапынан бұзылып, сақталмай отырғанын атап өтті. 

Осы мәселеге қатысты Мемлекеттік еңбек инспекциясының Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент өкілі Артур Батыров қатысып, еңбек қатынастарындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оны қолдану тәжірибесін түсіндірді. 

Атап айтқанда, Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің талаптарын сақтау жұмыс берушілердің ҚР ЕК 23 бабына сәйкес негізгі құқықтары мен міндеттері болып табылатынын, ал ол орындалмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 97 баптың 3 тармағы бойынша кінәлі тұлғаларға 400 АЕК айыппұл салуға жауаптылық қарастырылғанын, яғни 2025 жылға 1 млн 572 800 теңге айыппұл салынатыны көзделгенін ескертті. 

Кездесу барысында қатысушылар педагогтардың алғашқы жұмыс жылы үшін толық көлемде заңда көзделген еңбек демалысының берілуі туралы, қосымша және қоса атқару жағдайында еңбек шарттарын рәсімдеуге қатысты және т.б сұрақтарға Мемлекеттік инспекция өкілі Артур Батыров және облыстық кәсіподақ заңгері Гулжанат Курмангазиевадан жауаптарын алды. 

Кездесу соңында төраға Марат Даупаев пен Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Алия Кайржанова жұмыс беруші тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілмеуі және еңбек қатынасында туындайтын мәселелерді бірлесіп шешуге атсалысуға шақырды.

Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности