+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА
Новости территориальных организаций 04 мая 2026

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының басты міндеттерінің бірі. Әсіресе, білім беру саласында қызмет ететін педагогтар мен педагог емес қызметкерлердің қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуы ерекше…

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының басты міндеттерінің бірі. Әсіресе, білім беру саласында қызмет ететін педагогтар мен педагог емес қызметкерлердің қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуы ерекше назарды қажет етеді. Осы орайда Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының құқықтық инспекциясының заңгерлері еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ең ірі халықаралық алаңдардың бірі саналатын KIOSH 2026 конференциясы мен көрмесіне қатысты.

Халықаралық деңгейдегі іс-шарада еңбек қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер айтылып, кәсіби тәуекелдерді басқару, өндірістегі қауіпсіздікті арттыру және қызметкерлердің құқықтарын қорғау бағыттарына арналған.

Жамбылдық кәсіподақ заңгерлері үшін бұл конференция кәсіби біліктілікті арттырудың маңызды алаңына айналды. Олар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерімен, сондай-ақ цифрлық технологиялардың, соның ішінде жасанды интеллекттің, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алудағы мүмкіндіктермен танысуда.

- Білім саласында қызмет істейтін барлық санаттағы қызметкерлердің құқығын қорғау ең алдымен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басталады. Қауіпсіз жұмыс орны, яғни жарық әрі жылы кабинет, арнайы киім сияқты мүмкіндіктер болғанда ғана жұмысшы алаңсыз еңбек етіп, жұмыс өнімділігі де арта түседі. Осы тұрғыда KIOSH 2026 алаңында алынған білім мен тәжірибе кәсіподақтың қоғамдық бақылау қызметін күшейтіп, білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді, - дейді Жергілікті кәсіподақтың құқықтық қызметінің басшысы Әлия Джолшибекова.

Аталған іс-шара кәсіподақ заңгерлері үшін үшін тәжірибе алмасуға, жаңа тәсілдер мен заманауи шешімдерді талқылауға кең мүмкіндік беретіні анық. Мұндай іс-шараларға қатысу кәсіподақ қызметінің сапасын арттырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жаңа деңгейге көтеретініне сенім мол.

 

Жамбыл облыстық ұйымы.

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ - КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности