+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК КҮНІ МЕН ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ …
Новости территориальных организаций 29 сентября 2025

ЕҢБЕК КҮНІ МЕН ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ЕҢБЕК КҮНІ МЕН  ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ЕҢБЕК КҮНІ МЕН ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен Еңбек күні мен Ұстаздар күніне орай Қарғалы өзенінің жағалауында ерекше спорттық шара ұйымдастырылды. өткізілді. Жарысқа аудан…

ЕҢБЕК КҮНІ МЕН ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

☑️Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен Еңбек күні мен Ұстаздар күніне орай Қарғалы өзенінің жағалауында ерекше спорттық шара ұйымдастырылды. өткізілді.

🔰Жарысқа аудан мектептерінің белсенді ұстаздарынан құралған командалар қатысып, өздерінің ептілігін, ұйымшылдығын және төзімділігін сынға салды. Шараның басты мақсаты – жастардың спорттық-туристік дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа баулу және еңбек пен ұстаз еңбегіне деген құрметті дәріптеу болды.

🔅Шарада аудандық білім бөлімінің кәсіподақ төрағасы Гүлнар Байменшина сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай шаралардың тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды.

🧩Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша білім-білігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен төзімділігін көрсетті. Логикалық ойлау мен тапқырлыққа арналған тапсырмалар, командалық бірлікті нығайтатын ойындар, капитандар арасындағы сайыс және төзімділік пен шапшаңдықты қажет ететін кросс-поход ұстаздардың алғырлығын айқындады. Әділқазылар әр кезеңде қатысушылардың өнерін әділ бағалап отырды. Ұстаздар бар күш-жігерін салып, жеңіске деген жігерлілігін көрсетті.

❇️Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бірінші орынды иеленген Жосалы орта мектеп балабақшасы командасына саяхатқа жолдама табысталды. Бұл олардың белсенді еңбегі мен ұйымшылдығына берілген лайықты баға болды.

🌿Қарғалы өзенінің жағалауында өткен бұл сайыс қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үлестерін қосып, табиғатты қорғау маңыздылығын көрсетті.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности