+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Новости территориальных организаций 02 декабря 2025

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Еңбек дауларын тиімді шешу, ұжым ішіндегі өзара түсіністік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау – әрбір мекемедегі келісу комиссияларының басты міндеті. Осы бағытта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім…

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Еңбек дауларын тиімді шешу, ұжым ішіндегі өзара түсіністік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау – әрбір мекемедегі келісу комиссияларының басты міндеті. Осы бағытта Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы облыстық ұйымға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының келісу комиссиясы мүшелерін оқыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Кәсіподақтың бастамасымен өткізілетін бұл семинарлар еңбек дауларының алдын алу, тараптар арасындағы келіссөз мәдениетін жетілдіру және құқықтық сауаттылықты арттыруды мақсат етеді. Алғашқы оқыту шаралары бірқатар аудандарда ұйымдастырылған болса, аталған жұмыс Талдықорған қаласында да жалғасын тапты.

Бұл семинарға облыстық ұйымға қарасты білім беру мекемелері мен Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалының келісу комиссияларының мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов қатысушыларға кәсіподақтың еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарын таныстырып, келісу комиссияларының рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Облыстық кәсіподақ ұйымының заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан қатысушыларға еңбек дауларының түрлері, оларды шешу тәртібі, келіссөз жүргізудің тиімді әдістері, комиссия мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бойынша кең көлемде ақпарат берді.

Талдықорған қаласында өткен оқыту барысында қатысушылар келісу комиссиясы отырыстарын ұйымдастыру, хаттама жүргізу талаптары, қабылданатын шешімдердің заңдық күші және еңбек заңнамасындағы туындаған жаңалықтар туралы толық ақпарат алды. Семинар ашық диалог түрінде өтіп, тыңдаушылар өзара тәжірибе алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Бұл бастама – облыстық ұйымға қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын күшейтіп, еңбек ұжымдарында әділдік пен келісім мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Оқыту нәтижесінде келісу комиссияларының мүшелері еңбек дауларын уақтылы, заңға сай және әділ қарау үшін қажетті білім мен дағдыларын жетілдірді.

«Жетісу» жергілікті кәсіподағы алдағы уақытта да қалалар мен аудандарда осындай оқыту семинарларын жалғастырып, еңбек қатынастары мәдениетін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

 

Жетісу облыстық ұйымының баспасөз қызметі

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности