+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
Новости территориальных организаций 27 января 2026

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ «Еңбек даулары: себептері және шешу жолдары. Келісу комиссиясының рөлі» тақырыбында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері Ойыл ауданында мазмұнды семинар өткізді. Семинар жұмысын облыстық ұйым…

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

☑️«Еңбек даулары: себептері және шешу жолдары. Келісу комиссиясының рөлі» тақырыбында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдері Ойыл ауданында мазмұнды семинар өткізді.

📑Семинар жұмысын облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова ашып, қатысушыларға келісу комиссиясының атқаратын қызметі мен жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол еңбек ұжымдарында туындайтын дау-дамайларды заң талаптарына сай, тиімді шешуде келісу комиссиясы мүшелерінің рөлі ерекше екенін атап өтті.

📃Семинар барысында облыстық ұйымның заңгерлері келісу комиссиясы қызметінің құқықтық негіздеріне кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, ҚР Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке еңбек даулары ең алдымен келісу комиссиясында қаралуы тиіс екені түсіндірілді. Келісу комиссиясы – тұрақты жұмыс істейтін орган болып саналады және заңды тұлға мәртебесіне ие әрбір білім және ғылым ұйымында құрылуы қажет.

✒️Комиссия құрамына кәсіподақ комитеті мен ұйым әкімшілігінің өкілдері тең мөлшерде енгізіледі. Өкілдер саны еңбек ұжымының көлеміне қарай белгіленеді. Комиссия мүшелерінің нақты саны, жұмыс тәртібі мен шешім қабылдау тетігі ұйым басшысы мен кәсіподақ комитеті арасындағы жазбаша келісім арқылы немесе ұжымдық шарт негізінде айқындалады.

📍Семинарға 60-қа жуық келісу комиссиясының мүшесі мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Қатысушылар мұндай кездесулердің еңбек дауларын заң аясында шешуге, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности