+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК ӘУЛЕТІНІҢ ТАРИХЫ: ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҮШ ТАҒДЫР
Новости территориальных организаций 07 июля 2026

ЕҢБЕК ӘУЛЕТІНІҢ ТАРИХЫ: ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҮШ ТАҒДЫР

ЕҢБЕК ӘУЛЕТІНІҢ ТАРИХЫ: ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҮШ ТАҒДЫР

ЕҢБЕК ӘУЛЕТІНІҢ ТАРИХЫ: ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҮШ ТАҒДЫР Әрбір отбасының өзіне тән құндылықтары болады. Бір әулетте өнерге деген сүйіспеншілік басым болса, енді бірінде еңбекке адалдық пен білімге ұмтылыс ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Түркістан өңірінде де өз өмірін білім саласына арнап…

ЕҢБЕК ӘУЛЕТІНІҢ ТАРИХЫ: ҰСТАЗДЫҚҚА АДАЛ ҮШ ТАҒДЫР

Әрбір отбасының өзіне тән құндылықтары болады. Бір әулетте өнерге деген сүйіспеншілік басым болса, енді бірінде еңбекке адалдық пен білімге ұмтылыс ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Түркістан өңірінде де өз өмірін білім саласына арнап, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге жұмсаған еңбек әулеттері аз емес. Сондай өнегелі әулеттердің бірі - Жұмашева Жамила Расылханқызының отбасы.

Жамила Расылханқызының ұстаздық жолы 1988 жылы басталды. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтын тәмамдаған жас маман сол жылдың тамыз айында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №20 мектептің табалдырығын математика пәнінің мұғалімі ретінде аттады. Сол күннен бастап оның өмірі мектеппен, шәкіртпен, біліммен біте қайнасып кетті. Уақыт өте келе тәжірибелі педагог кәсіби шеберліктің биік белестерін бағындырды. Бүгінде ол С. Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, бірінші санатты басшы.

Оның жалпы педагогикалық еңбек өтілі - 38 жыл, ал басшылық қызметтегі тәжірибесі жиырма жылға жуық. Осынау жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне білім нәрін сеуіп, жүздеген жас мұғалімге бағыт-бағдар берді. Әріптестері оны іскерлігімен, әділдігімен және жауапкершілігімен құрметтейді. Өйткені нағыз ұстаздың ең үлкен марапаты - шәкіртінің жетістігі мен халықтың алғысы. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөз бар. Анасының еңбекке адалдығы мен ұстаздыққа деген сүйіспеншілігі балаларының да өмір жолын айқындады. Ұлы Нұрсұлтанұлы Дастан да ана жолын жалғап, ұстаздықты таңдады. ол 2020 жылы Шымкент университетін «Информатика білім беру бағдарламасы» мамандығы бойынша аяқтап, сол жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы Сүйерхан Базарбаев атындағы №61 негізгі орта мектепке информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Бүгінде ол оқушыларды заманауи технологиялар мен цифрлық білім әлеміне жетелеп жүрген жас маман. Педагогикалық еңбек өтілі - 5 жыл. Кәсіби біліктілігі - педагог-модератор.

Оның басты мақсаты - заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу. Қызы Нұрсұлтанқызы Жансая да отбасының игі дәстүрін жалғастырып, ұстаздық жолды таңдады. Ол 2019 жылы С. Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясын «Алтын белгімен» аяқтап, мемлекеттік білім грантының иегері атанды. Сонан соң М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін үздік дипломмен тәмамдап, кейін магистратурада білімін жалғастырып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2025 жылдың ақпан айынан бастап туған мектебі С. Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясында шетел тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етуде. Бүгінде жас ұстаз білім мен ғылымды ұштастырып, оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосып келеді.

Бұл әулетінің тағы бір ерекшелігі – олардың кәсіподақ ұйымымен тығыз байланысы. Әулет мүшелері ұстаз еңбегінің қадірін арттыруда, педагогтердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауда кәсіподақтың атқарып отырған рөлін жоғары бағалайды. Олар үшін кәсіподақ – тек қоғамдық ұйым ғана емес, ұстаздардың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын, қиын сәтте қолдау көрсететін сенімді серіктес. Жамила Расылханқызы ұзақ жылдар бойы кәсіподақтың бастамаларына белсенді қатысып, әріптестерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарға әрдайым қолдау білдіріп келеді.

Ал жас ұстаздар Дастан мен Жансая да анасының өнегелі жолын жалғастырып, кәсіподақтың жастарға арналған жобалары мен бастамаларына қызығушылық танытып, ұйымның басты құндылықтары - бірлік, әділдік және еңбек адамына құрмет қағидаттарын өздерінің кәсіби ұстанымына айналдырып келеді. Бүгінде Жұмашевтар әулеті - білім мен тәрбиені, еңбекке адалдық пен қоғамдық белсенділікті ұштастырған өнегелі отбасының жарқын үлгісі. Ұстаздықты ұлықтап, кәсіподақ құндылықтарын қадірлей білген бұл әулеттің өмір жолы жас ұрпаққа тағылым, әріптестеріне үлгі болары сөзсіз.

Түркістан облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности