+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ
Новости территориальных организаций 17 апреля 2025

ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ

ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ

ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының мәжіліс залында облыстық кәсіподақ активінің Кәсіподақтар федерациясының «кәсіподақ десанты» өкілдерімен кездесуі өтті. Федерация төрағасының орынбасары…

ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының мәжіліс залында облыстық кәсіподақ активінің Кәсіподақтар федерациясының «кәсіподақ десанты» өкілдерімен кездесуі өтті. Федерация төрағасының орынбасары Қайрат Айбосынов пен Федерацияның құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тимур Нұғманов жұмыс сапары барысында алдымен Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының жұмысымен танысты.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков қоғамдық бірлестіктің қызмет бағыттарымен, бүгінге дейін атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

Келелі жиын салалық кәсіподақтың «Кәсіподақ үйінің» мәжіліс залында жалғасты. Оған кәсіподақтар федерациясының аймақтағы салалық ұйым өкілдері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Жиынды Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов ашып, жүргізді.

- Биыл Қазақстан Кәсіподағының құрылғанына 120, ал Федерацияға 35 жыл толып отыр. Осы ретте, облысымызға федерациядан арнайы өкілдер келіп, өздеріңізбен кездесіп, пікір алмасуға ниетті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ойда жүрген, шешімін таппаған сұрақтарыңыз болса қойып, жауап алуларыңызға толық мүмкіндіктеріңіз бар, - деген Бағлан Жиенәліұлы басқосуды еркін форматта өткізуді ұсынды.

Алдымен сөз алған Қайрат Айбосынов Кәсіподақтар федерациясының қолға алып, атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

- Өздеріңіз жақсы білетіндей биыл федерацияның съезі өтеді. Оған сіздерден де делегаттар қатысатын болады. Біздің мақсат – осы кездесу қарсаңында өздеріңізбен кездесіп, пікір алмасу. Еңбек адамының мүддесін, құқығын қорғау. Жалпы, федерация жұмысына тоқталар болсам, былтыр біраз құжат қабылданды. Үш жақты келісімдер жасалды.

Республика деңгейінде біздің тарапымыздан 119 отырыс ұйымдастырылса, оның 19-ы өңірлерде өтті. Онда 338 мәселе қаралса, оның 107-і кәсіподақтар ұйымына тиесілі, - деп атап өткен Қайрат Бейсенбайұлы басқа да бағыттарға тоқталып, тарқата айтып берді.

Ал Федерацияның құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тимур Нұғманов өз саласы бойынша ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, жиын барысында жергілікті кәсіподақ мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жиын соңы белсенді кәсіподақ мүшелерін марапаттауға ұласты.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ
ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ
ЕҢБЕК АДАМЫН ҚОЛДАУ – БАСЫМ БАҒЫТ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности