+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › «ЕҢБЕК АДАМЫ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ
Новости территориальных организаций 25 января 2026

«ЕҢБЕК АДАМЫ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

«ЕҢБЕК АДАМЫ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

«ЕҢБЕК АДАМЫ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ Басқару негіздері мектебінің құрылтайшысы әрі директоры Сергеева Любовь Владимировнаның мерейлі жасқа толуына орай салтанатты кездесу өтті. Айтулы мерекеге орай «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу»…

«ЕҢБЕК АДАМЫ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Басқару негіздері мектебінің құрылтайшысы әрі директоры Сергеева Любовь Владимировнаның мерейлі жасқа толуына орай салтанатты кездесу өтті. Айтулы мерекеге орай «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері арнайыбарып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесуге кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов, облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Болат Тұрысбеков, Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы қатысты.

Салтанатты жиын барысында кәсіподақ өкілдері Любовь Владимировнаны мерейлі жасымен шын жүректен құттықтап, оның білім беру саласындағы көпжылдық жемісті еңбегін, ұжымға ұйытқы бола білген білікті басшылығын, педагогтар мен қызметкерлер арасындағы жоғары беделін ерекше атап өтті.

Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов білім беру мекемесі басшысының оқу орнының дамуына қосқан зор үлесін, білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарын, педагогтар мен қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру жолындағы табанды еңбегін жоғары бағалады.

Сонымен қатар мерекелік кездесуде Сергеева Любовь Владимировнаға облыстық кәсіподақ ұйымының «Еңбек адамы» төсбелгісі табыс етілді. Бұл марапат – оның адал еңбегіне, кәсіби шеберлігі мен білім беру саласына қосқан өлшеусіз үлесіне көрсетілген лайықты құрметтің белгісі болды.

Ол өз кезегінде көрсетілген ілтипат пен жылы лебіздер үшін кәсіподақ өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ұжыммен бірлесе отырып, білім беру сапасын арттыру, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолында аянбай еңбек ете беретінін жеткізді.

 

Жетісу облысы, Талдықорған қалалық филиалы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности