+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › «ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» жұмысшы мамандық иеле…
Новости территориальных организаций 09 октября 2025

«ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті

«ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті

«ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті Тараз қаласында 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні және Мұғалімдер күні мерекелеріне арналған «Еңбек адамы – ел мақтанышы!» атты жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті. «Бақытты болашақ»…

«ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті

Тараз қаласында 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні және Мұғалімдер күні мерекелеріне арналған «Еңбек адамы – ел мақтанышы!» атты жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті. «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен ауқымды іс-шара еңбек адамдары мен ұстаздарға деген ерекше құрметтің белгісі болды.

Форум барысында ұстаздар мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, жұмысшы мамандық иелері марапатталып, құрмет төрінен орын алды. Ең алдымен ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталиннің тікелей эфир арқылы кәсіподақ мүшелерін мерекелік құттықтауы өтті. Мұнан кейін Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбеков құттықтау сөз айтып, сала үздіктеріне марапаттар табыстады.

- Бүгінгі іс-шарамыз еңбек адамдары мен ұстаздарға деген жоғары құрметтің белгісі. Еңбек – адам өмірінің мәні болса, кәсіподақ сол еңбектің қадірін арттырушы ұйым. Еліміздегі 120 жылдық тарихы бар кәсіподақтар күнінің Мұғалімдер күнімен қатар келуі – тамаша үндестік. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз арқылы елдің еңсесі көтеріледі, ұлттың рухы биіктейді. Баршаңызға мықты денсаулық, әріптестікте табыс пен татулық тілеймін!, - деген Ерұлан Сәбенұлы «Кәсіподақ ардагері», «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, Қазақстандық салалық кәсіподақтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын сала ардагерлері, педагогтер, колледж оқытушылары, мектептердің техникалық қызметкерлері, балабақша тәрбиешілері, күзетшілер, электриктер мен аула сыпырушыларға табыс етті.

Сондай-ақ, жиын барысында Жамбыл облыстық мәслихаты, Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы, облыстық білім басқармасы мен «AMANAT» партиясының марапаттарына ие болған сала үздіктері-еңбек майталмандарының арасында мектеп аспаздары, зертханашылар, кір жуушы, күзетші, электрик, дәнекерлеу шеберлері және тәрбиешілер бар. Форум аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған Жергілікті кәсіподақтың Меркі аудандық филиалының төрағасы Мадина Асанжанова, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген Тараз қаласындағы «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі Мұхтар Талқанбаев сахна төрінен құрметке бөленді.

Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен «Өз мамандығының үздігі» республикалық байқауы өткізілген болатын. Бұл байқауда да Жамбыл облысының еңбек адамдары-сала қызметкерлері алдыңғы қатардан көрініп, үздік деп танылды. Форум барысында байқаудың салалық кезеңінің үздіктері арнайы марапаттарға ие болды. Олар: Жамбыл ауданы Төле би атындағы орта мектептің жұмысшысы Болатбек Жақыпбеков, №9 Меркі колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының арнайы пән оқытушысы Жазира Мадибаева және Тұрар Рысқұлов ауданы Болтай батыр атындағы орта мектебінің электригі Марат Нұрбаев.

Іс-шара аясында мерекелік әндер мен күйлер шырқалып, форумға қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде тарқасты. Әсіресе, Жамбыл ауданы М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары, «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы мен Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық оқушыларының орындауындағы әндер көрермен көңілінен шықты.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

«ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті
«ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ» жұмысшы мамандық иелерінің облыстық форумы өтті
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности