+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 10 июня 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлттың рухани тірегі, жас ұрпақтың білім мен тәрбие алып, тұлға болып қалыптасуына жол ашатын ұлы мамандық иесі. Білім беру саласындағы табанды еңбек пен үздіксіз ізденіс әрбір педагогтың биік мәртебесін айқындайды. Осындай білікті, тәжірибелі ұстаздардың…

ЕҢБЕК АДАМЫ

Ұстаз – ұлттың рухани тірегі, жас ұрпақтың білім мен тәрбие алып, тұлға болып қалыптасуына жол ашатын ұлы мамандық иесі. Білім беру саласындағы табанды еңбек пен үздіксіз ізденіс әрбір педагогтың биік мәртебесін айқындайды.

Осындай білікті, тәжірибелі ұстаздардың бірі – Камалова Меруерт Әбдімүтәліпқызы. Ол 1972 жылдың 29 қаңтарында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылында дүниеге келген. 1989 жылы №213 орта мектепті аяқтап, Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінде тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Меруерт Әбдімүтәліпқызы еңбек жолын өзі білім алған №213 орта мектепте бастап, осы білім ордасында бүгінгі күнге дейін абыроймен қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда тарих пәнінің мұғалімі әрі оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін табысты атқарып жүр. Ұстаздық еңбек өтілі – 32 жыл. Осы жылдар ішінде ол білім беру ісіне адал қызмет етіп, талай шәкірттің жолын ашқан тәжірибелі маман ретінде танылды.

Тарих пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруға ерекше мән береді. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың зерттеушілік қабілеті мен сыни ойлауын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізеді.

Ұстаздың кәсіби еңбегі жоғары деңгейде бағаланып келеді. Ол бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, білім саласындағы елеулі еңбегі үшін жоғары құрметке ие болған.

Меруерт Әбдімүтәліпқызының шәкірттері де биік жетістіктерімен ерекшеленеді. Олар аудандық және облыстық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындарға ие болып, мектептің абыройын арттыруда. Сонымен қатар ұстаздың тәрбиелеген оқушылары ҰБТ-да жоғары нәтижелер көрсетіп, мемлекеттік білім гранттарын жеңіп алған.

Көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында Меруерт Әбдімүтәліпқызы әріптестері арасында зор құрметке ие. Оның еңбегі – тек білім беру ғана емес, жас ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беру, елдің зияткер ұрпағын тәрбиелеу ісіне қосылған үлкен үлес.

Ұстаз еңбегі – өлшеусіз құндылық. Камалова Меруерт Әбдімүтәліпқызының табанды еңбегі, жоғары жетістіктері және шәкірттерінің жарқын жеңістері оның нағыз еңбек адамы екенін дәлелдейді. Осындай ұстаздардың арқасында ел ертеңі кемел, болашағы жарқын болмақ.

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности