+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 08 июля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаздық – тек мамандық емес, ұлттың ертеңін тәрбиелеуге арналған қасиетті миссия. Осы абыройлы жолда ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұратына айналдырған жандардың бірі – педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар…

ЕҢБЕК АДАМЫ

Ұстаздық – тек мамандық емес, ұлттың ертеңін тәрбиелеуге арналған қасиетті миссия. Осы абыройлы жолда ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұратына айналдырған жандардың бірі – педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Құлмырзаева Оразбайқызы.

Жанар Оразбайқызы – 30 жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз. Ол еңбек жолын 1996 жылы Арал ауданының Шижаға елді мекеніндегі №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектепте бастап, 2021 жылға дейін осы білім ордасында жемісті қызмет атқарды. 2021 жылдан бері Сексеуіл кентіндегі №283 орта мектепте жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді.

Көп жылғы педагогикалық қызметінде Жанар Оразбайқызы кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және үздіксіз ізденісімен әріптестерінің құрметіне бөленді. Ол облыстық ардагер ұстаздар мен жас мамандар арасында өткен «Ой-қазына» пікір алмасу алаңына белсене қатысып, сондай-ақ Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұстаз еңбегінің ең басты өлшемі – шәкірт жетістігі. Жанар Оразбайқызы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми ізденіске бет бұруына ерекше мән береді. Оның жетекшілігімен дайындалған шәкірттер республикалық және облыстық пәндік байқауларда, ғылыми жобаларда, «Дарын», «Жас ғалым» ғылыми жобалар байқауларында және облыстық «Мамандық әлемін ашамыз» форумында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Аудандық кезеңдерде І орындарды иеленген оқушылар облыстық кезеңдерде жүлделі ІІ орындарға ие болып, мектеп мерейін үстем етті.

Жанар Оразбайқызы үшін ұстаздық – білім берумен ғана шектелмейтін, әр баланың бойындағы қабілетті ашып, оны өмірге бағыттайтын үлкен жауапкершілік. Ол әр сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, шәкірттерінің жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне ерекше көңіл бөледі.

Өз ісіне адал, кәсібіне берілген ұстаздың еселі еңбегі – елдің ертеңіне қосылған баға жетпес үлес. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Жанар Құлмырзаева Оразбайқызының еңбек жолы кейінгі жас ұстаздарға үлгі, шәкірттеріне өмірлік бағдар болып қала бермек. Осындай еңбек адамдарының қажырлы қызметі білім саласының дамуына серпін беріп, болашақтың берік іргесін қалауға қызмет ете беретіні сөзсіз.

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности