+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 08 июля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлттың ертеңін тәрбиелейтін, жас ұрпақтың бойына білім мен адамгершілік құндылықтарын сіңіретін қасиетті мамандық иесі. Осы жауапкершілігі зор салада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған тәжірибелі…

ЕҢБЕК АДАМЫ

Ұстаз – ұлттың ертеңін тәрбиелейтін, жас ұрпақтың бойына білім мен адамгершілік құндылықтарын сіңіретін қасиетті мамандық иесі. Осы жауапкершілігі зор салада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған тәжірибелі педагогтердің бірі – Ойнарова Мейрамкүл Мұратқызы.

Мейрамкүл Мұратқызы 1974 жылдың 15 сәуірінде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Таң ауылында дүниеге келген. 1981–1991 жылдары туған ауылындағы №118 орта мектепте білім алып, кейін Қорқыт ата атындағы университеттің дайындық бөлімінде оқыды. 1992–1996 жылдары аталған жоғары оқу орнында «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын тәмамдап, еңбек жолын өзі білім алған №118 орта мектепте бастады. Содан бері туған мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде үздіксіз қызмет атқарып келеді.

Көп жылғы қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі әрдайым жоғары бағаланып келеді. Ол Қызылорда облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрмет грамотасымен, Жалағаш аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен және республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі көптеген марапаттармен наградталған.

Педагог кәсіби дамудан қол үзбей, білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді тәжірибесіне енгізіп келеді. Lesson Study, пәнді оқытудың жаңа парадигмасы, әдебиет пен тіл оқыту әдістемесіне арналған аймақтық және аудандық семинарларда өз тәжірибесін бөлісіп, әріптестерінің жоғары бағасына ие болды.

Ұстаз еңбегінің басты көрсеткіші – шәкірт жетістігі. Мейрамкүл Мұратқызының оқушылары республикалық «Қадыр оқулары», «Ілияс Жансүгіров оқулары», «Мағжан оқулары», «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы, «Мың бала» ұлттық олимпиадасы, республикалық пән олимпиадалары мен өзге де білім бәйгелерінде жүлделі орындарды тұрақты иеленіп келеді. Олардың арасында республикалық Бас жүлде, облыстық І, ІІ, ІІІ орындар мен түрлі номинациялар иегерлері бар. Бұл – ұстаздың кәсіби ізденісі мен жүйелі еңбегінің нақты нәтижесі.

Ұстаздықты өмірлік мұрат еткен Мейрамкүл Мұратқызы әр сабағын жауапкершілікпен өткізіп, шәкірттерінің бойына ана тіліне деген құрметті, ұлттық құндылықтарды және білімге деген құштарлықты дарытып келеді. Әріптестері арасында сыйлы,

оқушыларына талапшыл әрі қамқор ұстаз ретінде танылған.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Мейрамкүл Мұратқызының еңбек жолы – жас педагогтерге өнеге, ал шәкірттерінің жетістігі – ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі. Осындай абыройлы ұстаздардың арқасында білімнің шамшырағы әрдайым жарқырап, елдің болашағы кемелдене түсетіні сөзсіз.

Қызылорда облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности