+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 14 июля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Кітап – рухани қазына. Рухани байлықтың құндылығын дәріптеп, өз мамандығын мақтанышпен атқарып жүрген жандардың бірі – Жасарова Гүлнар Құлмұханбетқызы. Ол саналы ғұмырын кітапхана саласына арнап, жас ұрпақтың білім мен руханиятқа құштар болып өсуіне өлшеусіз үлес…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Кітап – рухани қазына. Рухани байлықтың құндылығын дәріптеп, өз мамандығын мақтанышпен атқарып жүрген жандардың бірі – Жасарова Гүлнар Құлмұханбетқызы. Ол саналы ғұмырын кітапхана саласына арнап, жас ұрпақтың білім мен руханиятқа құштар болып өсуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті маман.

📖Гүлнар Жасарова — 1970 жылдың 16 қазанында дүниеге келген. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде кітапхана меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып келеді. Жоғары білімді маман Батыс Қазақстан инновациялық-гуманитарлық университетінің «Кітапхана ісі» мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтілі – 33 жыл.

📔Шалқар қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Гүлнар Жасарова оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және олардың рухани дүниесін байытуға аянбай еңбек етіп келеді.

📗Ұзақ жылғы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында Гүлнар Шалқар қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінде әріптестері мен оқырмандарының зор құрметіне бөленіп жүр. Кітапхана ісінің дамуына қосқан үлесі үшін мектеп әкімшілігінің Алғыс хаттарымен, аудандық білім бөлімінің және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Құрмет грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталған.

📘Өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз кітапханашы Гүлнар Жасарованың еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі. Оның кітап пен оқырман арасындағы алтын көпірге айналған қажырлы қызметі жас буынның білімді, мәдениетті әрі рухани бай болып қалыптасуына қызмет ете береді.

--

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности