+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 15 июля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаздық – жүрек қалауымен таңдалатын, үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап ететін қасиетті мамандық. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі – Ақтөбе облысы Темір ауданы №4 Шұбарқұдық жалпы…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📝Ұстаздық – жүрек қалауымен таңдалатын, үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап ететін қасиетті мамандық. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі – Ақтөбе облысы Темір ауданы №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Шаймова Айсұлу Күзембайқызы.

📑Айсұлу Шаймованың жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 35 жыл. Ол еңбек жолын 1989 жылы бастап, 1991 жылдан бері №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде үздіксіз қызмет атқарып келеді. Осы уақыт аралығында өзін кәсіби біліктілігі жоғары, жаңашыл көзқарастағы, шығармашыл әрі өз ісіне адал ұстаз ретінде танытты.

📖Ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігі лайықты бағаланып келеді. Айсұлу Шаймованың бірнеше мәрте облыстық және республикалық кәсіби байқаулардың жеңімпазы атанып, «Облыстың үздік мұғалімі» атағына ие болды. Сонымен қатар облыс әкімінің грантымен марапатталып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, облыстық білім басқармасы және түрлі қоғамдық ұйымдардың марапаттарына ие болды. Бұл марапаттар – ұстаздың кәсіби еңбегіне берілген жоғары бағаның айқын көрінісі.

📘Ұстаз еңбегінің ең үлкен жемісі – оның шәкірттерінің жетістігі. Айсұлу Шаймованың тәрбиелеген оқушылар аудандық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектептің ғана емес, ауданның да абыройын асқақтатып келеді. Бұл – ұстаздың тынымсыз ізденісі мен сапалы білім беру жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

📙Педагог-зерттеуші ретінде Айсұлу Шаймованың өзінің озық тәжірибесін әріптестерімен бөлісуді де басты міндеттерінің бірі санайды. Ол әдістемелік құралдардың авторы ретінде педагогикалық тәжірибесін жинақтап, республикалық және облыстық ғылыми-әдістемелік басылымдарда мақалаларын тұрақты жариялап келеді.

📗Ұстаздық жол – үздіксіз ізденіс пен адал еңбектің жолы. Осы жолда қажырлы қызметімен дараланған Шаймова Айсұлу Күзембайқызы кәсіби шеберлігімен, шығармашылық ізденісімен, адамгершілік болмысымен әріптестерінің құрметіне бөленіп, шәкірттерінің ыстық ықыласына ие болып жүр.

🔰Шәкірт жүрегіне білімнің шырағын жағып, ұлт болашағын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан Айсұлу Шаймова – еңбек адамы деген мәртебеге толық лайық тұлға. Осындай білікті де парасатты ұстаздардың еңбегі ел ертеңінің жарқын болашағын қалыптастыратын баға жетпес құндылық болып қала береді.

--

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности