+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 20 июля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлттың ертеңін тәрбиелейтін, жас ұрпақтың бойына біліммен қатар адамгершілік, ізгілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіретін ұлы мамандық иесі. Осындай абыройлы да жауапты жолда саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап келе жатқан білікті педагогтердің бірі –…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🔰Ұстаз – ұлттың ертеңін тәрбиелейтін, жас ұрпақтың бойына біліммен қатар адамгершілік, ізгілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіретін ұлы мамандық иесі. Осындай абыройлы да жауапты жолда саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап келе жатқан білікті педагогтердің бірі – Қазиева Шолпан Базарбайқызы.

📚Шолпан Қазиева — 1969 жылдың 17 наурызында Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. 1976 жылы №1 жалпы орта білім беретін мектептің табалдырығын аттап, 1986 жылы тәмамдады. Сол жылы Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын игерді. Кейін Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жоғары білім алды.

🧩Еңбек жолын №4 Шұбарқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған ол бүгінгі күнге дейін осы қасиетті мамандыққа адалдық танытып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді.

📗Өз ісінің білгір маманы ретінде Шолпан Қазиева оқыту үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолданып, білім беру әдістерін үнемі жетілдіруге ерекше мән береді. Ол әрбір оқушының жеке қабілетін танып, шығармашылық әлеуетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізе алатын, өмірлік дағдылары қалыптасқан тұлға тәрбиелеуге күш-жігерін аямайды. Сонымен қатар, әріптестерімен тәжірибе алмасып, кәсіби шеберлігін үздіксіз шыңдап келеді.

📙Ұстаз еңбегінің шынайы жемісі – оның шәкірттерінің жетістігі. Шолпан Қазиева тәрбиелеген оқушылар түрлі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, білімге құштар, белсенді, елдің ертеңіне қызмет ететін саналы азамат болып қалыптасуда.

📔Өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған Шолпан Қазиева үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауымен таңдалған қасиетті жол. Жылдар бойы төккен маңдай тері мен еселі еңбегінің жемісі білімді, тәрбиелі, ел болашағына сеніммен қадам басқан шәкірттері. Осындай еңбек адамының өнегелі жолы әрдайым құрметке лайық.

--

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗ САУЛЫҒЫ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

    06.08.2026
  • АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ
    Новости территориальных организаций

    АДАЛ ЕҢБЕК – АБЫРОЙ БИІГІ

    06.08.2026
  • ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ
    Новости территориальных организаций

    ОЗДОРОВЛЕНИЕ ЧЛЕНОВ ПРОФСОЮЗА ПРОДОЛЖАЕТСЯ

    05.08.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности