+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 23 апреля 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз, кәсіподақ мүшесі Сүлейменова Манарсұлу Данабекқызы – саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған, білім мен тәрбие берудің биік мұраттарын ту еткен, ұлағатты ұстаз. Ол – Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📝Ұстаз, кәсіподақ мүшесі Сүлейменова Манарсұлу Данабекқызы – саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған, білім мен тәрбие берудің биік мұраттарын ту еткен, ұлағатты ұстаз. Ол – Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының №3 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып жүрген тәжірибелі педагог.

🖇️Білім беру саласында 40 жылға жуық уақыт еңбек етіп келе жатқан Манарсұлу Данабекқызы 1981-1985 жылдары Ақтөбе педагогикалық училищесінде білім алып, кейін 2008 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын аяқтап, жоғары білімді педагог-зерттеуші атанды. Еңбек жолын 1985 жылы Орқаш кеңшарындағы А.Жұбанов атындағы мектепте бастап, 1986-1998 жылдары Жұрын орыс орта мектебінде сабақ берді. 1998 жылдан бері Қандыағаш қаласындағы №3 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларына білім беріп келеді.

📝Ұлағатты ұстаздың тынымсыз еңбегі мен ізденісі елеусіз қалған емес. Ол Ақтөбе облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан ұстазы» журналының Құрмет грамотасымен және арнайы төсбелгісімен марапатталған.

📌2021 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Үздік педагог – маман мақтанышы» атты олимпиадада III дәрежелі дипломға ие болды. Сол жылы Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика ғылымдары академиясы мен педагогикалық тамыз онлайн-конференциясы тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды. Сол сияқты «Қазақстан ұстазы» журналына жарияланған сабағы үшін I дәрежелі диплом иеленді. 2022 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Еуразиялық білім және ғылымды дамыту қоғамдық қоры мен Халықаралық педагогикалық шығармашылық қоры тарапынан да марапаттарға ие болып, облыстық педагогикалық олимпиада мен республикалық «Шығармашыл педагог – 2021» олимпиадасында I дәрежелі дипломдарды жеңіп алды.

📃Марапаттарға толы еңбек жолы – Манарсұлу Сүлейменованың білім беру саласындағы жемісті еңбегінің жарқын көрінісі. Ол – шәкірт жүрегіне нұр құя білген шын ұстаз ғана емес, ұжымдастары арасында абыройлы, кәсіподақ қозғалысының да белсенді мүшесі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности