+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 11 мая 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №2 Маржанбұлақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жамиға Сұлтангерейқызы Шурина - білім беру саласына бар ғұмырын арнаған, ел болашағы үшін тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. 35 жылға…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✏️Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №2 Маржанбұлақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жамиға Сұлтангерейқызы Шурина - білім беру саласына бар ғұмырын арнаған, ел болашағы үшін тынымсыз еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз.

📝35 жылға жуық педагогикалық еңбек өтілі бар Жамиға Сұлтангерейқызы өзінің кәсіби біліктілігімен, терең білімімен және адами қасиеттерімен әріптестері мен шәкірттерінің зор құрметіне ие. Ол – шәкірт жанының тамырын дөп басып, әр баланың жүрегіне жол таба білетін, ілім мен тәрбие беруді өмірлік мұратына айналдырған парасатты педагог.

📚Ұстаздық жолын Маржанбұлақ аралас мектебінде бастаған Жамиға Сұлтангерейқызы бүгінде тәжірибесі мол, педагогикалық шеберлігі жоғары маман ретінде танылып отыр. Оның оқушылары түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен байқауларда үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Бұл – ұстаздың шығармашылыққа толы, жүйелі де сапалы еңбегінің айқын дәлелі.

🖇️Жамиға Сұлтангерейқызы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, олардың жеке қабілеті мен бейімділігін ашуға ерекше мән береді. Ол әр шәкіртінің жан дүниесін терең түсініп, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді. Оның сабағында білім беру мен тәрбиелеу қатар өріліп, жас ұрпаққа рухани-мәдени құндылықтармен сусындауға мүмкіндік беріледі.

📍Жамиға Сұлтангерейқызы білім саласындағы табысты еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен және облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

🖌️Білім мен тәрбиені өмірлік мұрат еткен Жамиға Сұлтангерейқызы – ұрпақ тәрбиесіне шын жанашыр, еңбегімен елге үлгі болар нағыз Еңбек адамы. Оның шәкірттері болашақта ел ертеңін нұрландырар азаматтарға айналатыны сөзсіз. Осындай жан-жақты, ізденімпаз, шәкірт жанына шуағын шашқан ұлағатты ұстаздар барда еліміздің білім саласының болашағы жарқын болары анық.

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности