+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 09 сентября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Адамның қоғамдағы еңбегі – оның болмысының, өмір мәнінің көрінісі. Еңбекке адалдық, кәсібіне беріктік пен шәкіртке деген жанашырлық – нағыз ұстазға тән қасиет. Осындай асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, бар ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнаған…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🔰Адамның қоғамдағы еңбегі – оның болмысының, өмір мәнінің көрінісі. Еңбекке адалдық, кәсібіне беріктік пен шәкіртке деген жанашырлық – нағыз ұстазға тән қасиет. Осындай асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, бар ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнаған жанның бірі – Ақтөбе облысындағы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Дабылова Сағыныш Жарқынбайқызы.

✏️Сағыныш Дабылова 1999-2000 оқу жылынан бастап осы мектепте еңбек етіп келеді. Жалпы педагогикалық өтілі – 33 жыл. Жоғары білімді, зерттеуші, ізденімпаз педагог ретінде ол әр сабағын шәкірттер үшін қызықты, пайдалы әрі нәтижелі өткізуге ұмтылады.

📖Жылдар бойы жинаған тәжірибесінің арқасында ол өз пәнінің шебер маманы ретінде танылып, оқушыларын биология ғылымына баулып келеді. Ұстаз еңбегінің басты жемісі – шәкірттерінің жетістігі.

📚Сағыныш Дабылованың тәлім-тәрбиесін алған оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында жүлделі орындарға ие болып жүр.

🖇️Айнұр Оразалиева, Индира Аманжолова, Гаухар Абатқызы, Ару Жұмашева, Мөлдір Өзбекова сияқты шәкірттері білім додасында топ жарып, ұстаз еңбегін абыроймен ақтап келеді. Әсіресе 2019–2025 жылдар аралығында оқушыларының жеткен табыстары оның қажырлы еңбегінің айқын дәлелі болды.

📑Сағыныш Жарқынбайқызы тек шәкірт тәрбиелеумен шектелмей, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға да ерекше көңіл бөледі. Педагогикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып, облыстық семинарларда тәжірибесімен бөлісіп жүр. Ол «Оқушылардың биологиялық және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту», «STEM білім беруді дамытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» секілді заманауи курстардан өтіп, білім беру ісіндегі жаңа үрдістерді өз тәжірибесіне енгізуде.

🗞️Сағыныш Жарқынбайқызы – мектептегі кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. Ол ұжымдағы ұйымшылдықты нығайтуға, әріптестерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға тұрақты атсалысып келеді. Әділдігімен, жауапкершілігімен әріптестеріне үлгі болып, мектепішілік іс-шараларда да белсенділік танытады.

🔸Сағыныш Дабылова – еңбектің шынайы құнын бағалай білетін, өз ісіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұлағатты ұстаз. Оның бар өмір жолы жас ұрпаққа арналып отырған өлшеусіз еңбек. Нағыз еңбек адамы деген атқа лайық жан – осындай болса керек…

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности