+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 17 сентября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер!» деп қазақ бекер айтпаған. Халқымыздың даңқты перзенті, батыр Бауыржан Момышұлы «Ұстаз — ұлық емес, ұлы міндет» деген. Осы міндетті абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бегалы негізгі…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚«Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер!» деп қазақ бекер айтпаған. Халқымыздың даңқты перзенті, батыр Бауыржан Момышұлы «Ұстаз — ұлық емес, ұлы міндет» деген. Осы міндетті абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бегалы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Меңдіғалиева Салтанат Қожаденқызы.

🧩Саналы ғұмырын білім беру саласына арнап келе жатқан ұстаз балалардың сауаттылығын арттырып, ептілікке баулуды басты мақсат деп біледі.

📑Оқушыларымен жұмыс жасауды жан-тәнімен сүйетін ол – тәжірибелі сынып жетекші, педагог-сарапшы, бірнеше әдістемелік құралдың авторы. Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары ұстаздың шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

📋2023-2024 оқу жылынан бастап бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылыққа бағытталған есептерді шешу» тақырыбындағы шеберхананың мүшесі. Облыстық және аудандық семинарларда өз тәжірибесімен бөлісіп, әріптестері үшін үлгі болып жүр.

🖇️Салтанат Қожаденқызының шәкірттері «NIO.kz» олимпиадасында жеңімпаз атанып, облыстық «Есірткісіз болашақ» шығармашылық байқауында да топ жарды. Сондай-ақ «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар байқауларында, облыстық «Дарын» және республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Бұл – ұстаз еңбегінің айқын нәтижесі.

📝Шәкірт тәрбиелеудегі табысты еңбегі үшін ол Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Құрмет грамотасымен, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен бірге кәсіподақ ұйымының қолдауымен Бурабайдағы шипажайда демалып, Түркістан өңіріне саяхат жасауға мүмкіндік алды

📖 Салтанат Меңдіғалиева мамандыққа деген махаббатын еңбекпен дәлелдеген, мектеп мәртебесін көтеріп жүрген ардақты ұстаз. Алдағы уақытта да талай шәкіртті тәрбиелеп, биік белестерге жетелейтініне сенім мол.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности