+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 29 сентября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаздың еңбегі – баға жетпес асыл қазына. Ұстаздың шын берілген еңбегінің арқасында ғалым да, дарын да, қарапайым еңбеккер де, ел қорғаны батыр да өз биігіне ұмтылады. Осындай ұлағатты жандардың бірі Қарғалы ауданындағы №2 Бадамша орта мектебінің орыс тілі мен…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Ұстаздың еңбегі – баға жетпес асыл қазына. Ұстаздың шын берілген еңбегінің арқасында ғалым да, дарын да, қарапайым еңбеккер де, ел қорғаны батыр да өз биігіне ұмтылады. Осындай ұлағатты жандардың бірі Қарғалы ауданындағы №2 Бадамша орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нечаева Мәншүк Қайырлинқызы.

☑️Мәншүк Нечаева еңбек жолын 1997 жылы Красноеполь орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2006 жылдан бері №2 Бадамша орта мектебінде қызмет атқарып келеді.

📚Өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен шәкірттеріне деген ерекше ықыласының арқасында әр сабағын мазмұнды өткізіп, балалардың жүрегіне жол тауып жүрген тәжірибелі ұстаз бүгінде 30 жылға жуық ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнады. Оның әр сабағы білім берудің ғана емес, рухани тәрбие мен мақсатқа жетелейтін сара жолдың айғағы.

✏️«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші, Мәншүк Нечаеваның шәкірттері білім бәйгесінде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар сайыстарында жүлделі орындарға ие болып, ұстаз еңбегінің жемісін дәлелдеп келеді. Ол жыл сайын шәкірттерін ғылыми жобаларға қатысуға баулып, ізденіске жетелеп отырады. Тынымсыз еңбегі мен табандылығы арқасында шәкірттері республикалық деңгейдегі жеңістерге қол жеткізді.

⚜️Ұстаз тәрбиелеген шәкірттердің қатарында облыстық «Зерде» жобалар байқауының Гран-при иегері әрі республикалық деңгейде танылған Жансая Сағитжан, облыстық «Зерде» байқауының жеңімпазы Арсен Қаймолдин және ауылдық пән олимпиадасының жүлдегері Ақсұлу Қалмағамбетова бар.

🖇️Бұл – ұстаздың еңбегіне берілген лайықты баға әрі шәкірттерінің биік жетістігі.

📃Мәншүк Нечаева – ұстаздар отбасынан шыққан жан. Ол – Қарғалы ауданындағы педагогикалық әулеттің лайықты жалғастырушысы. Тал бесіктен көрген өнегесін өмірлік ұстанымына айналдырып, бүгінде ұстаздар әулетінің абыройын асқақтатып жүр.

Нечаева Мәншүк Қайырлинқызы — шәкірт жүрегіне ізгілік дәнін еккен, білім жолында аянбай тер төккен нағыз еңбек адамы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности