+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 08 октября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Мектеп – адам өміріндегі ең қымбат орда болса, оның жүрегі – ұстаз. Бүгінде өз мамандығына деген сүйіспеншілігімен, еңбексүйгіштігімен, ізденімпаздығымен ерекшеленетін білікті ұстаздардың бірі – Хромтау ауданындағы №5 Хромтау гимназиясының география пәнінің мұғалімі…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🗞️Мектеп – адам өміріндегі ең қымбат орда болса, оның жүрегі – ұстаз. Бүгінде өз мамандығына деген сүйіспеншілігімен, еңбексүйгіштігімен, ізденімпаздығымен ерекшеленетін білікті ұстаздардың бірі – Хромтау ауданындағы №5 Хромтау гимназиясының география пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Жолмұратова Асыл Қабенқызы.

📜Асыл Жолмұратова – өз ісіне адал, білім мен тәрбие беруде талмай еңбек етіп жүрген тәжірибелі ұстаз. Ол ҚР Президенті Жарлығымен берілген «Тәуелсіздікке – 30 жыл» медалінің, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. Бұл марапаттар – оның көп жылғы жемісті еңбегінің айғағы.

📃Асыл Жолмұратова 1975 жылдың 1 қыркүйегінде Ақтөбе облысы, Новоросей ауданы, Қызылсу ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Қопа орта мектебінде бастауыш сыныптарға тәрбиеші-мұғалім болып бастап, кейін 2001 жылы №3 Хромтау орта мектебінде география пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін №5 Хромтау гимназиясында ұстаздық қызметін абыроймен жалғастырып келеді.

🔆Бүгінде Асыл Қабденқызы 32 жылға жуық уақытын шәкірт тәрбиесіне арнаған. Ол әр сабағын мазмұнды өткізіп, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында инновациялық әдістерді тиімді қолданады. Әрбір оқушының жеке қабілеті мен даму ерекшеліктерін ескеріп, олардың ғылымға деген қызығушылығын оятуға бар күш-жігерін салады. Ұстаз үшін басты мақсат – шәкірт жүрегіне жол табу, біліммен қатар адамгершілік пен өмірлік құндылықтарды дарыту.

📝«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші, Асыл Жолмұратованың шәкірттері де түрлі білім сайыстарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Оның оқушылары аудандық, облыстық және республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр. Солардың қатарында облыстық «Дарын» ғылыми жобалар байқауының І дәрежелі диплом иегері Жібек Кенесары, география пәні бойынша облыстық деңгейде үздік шыққан Нұрай Тұрақбай мен Гүлайым Мұхамбеди, сондай-ақ республикалық олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізген Даяна Баянова есімдері ерекше аталады. Бұл – ұстаздың тынымсыз еңбегі мен шәкірттерге деген шынайы қамқорлығының жемісі.

✏️Асыл Жолмұратова – өз ісіне жан-тәнімен берілген, еңбекқор да жаңашыл ұстаз. Ол үшін әр шәкіртінің жетістігі – өзінің жетістігі, әр жеңісі – өзінің еңбегінің нәтижесі. Мұндай абыройлы ұстаздар бүгінгі қоғамның нағыз еңбек адамдары, ел болашағының жарқын кепілі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности