+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 16 октября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Мұғалімдік мамандық - жауапкершілігі зор, ұрпақ тәрбиелеу мен қоғам дамуының негізін қалаушы ұлы кәсіп. Сол мамандықтың мәртебесін биік ұстап, шәкірт жүрегіне жол таба білген абзал ұстаздардың бірі – Мұхтар Атлас Әбдіхайдарұлы. Мұхтар Атлас Әбдіхайдарұлы 2006 жылдан…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Мұғалімдік мамандық - жауапкершілігі зор, ұрпақ тәрбиелеу мен қоғам дамуының негізін қалаушы ұлы кәсіп. Сол мамандықтың мәртебесін биік ұстап, шәкірт жүрегіне жол таба білген абзал ұстаздардың бірі – Мұхтар Атлас Әбдіхайдарұлы.

🧩Мұхтар Атлас Әбдіхайдарұлы 2006 жылдан бері Атлас Мұхтар Ырғыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде гір спортынан жаттықтырушы болып қызмет атқарып келеді. Оның баптаған шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Мұғалімнің еңбегі мен ерен еңбегінің нәтижесінде 3 спорт шеберлігіне үміткер, 1-разрядты 42 спортшы, 2-разрядты 74 спортшы, және 3-разрядты 100-ден астам жасөспірім спортшы даярланған. Ал қол күресінен дайындалған оқушылары облыстық және республикалық деңгейдегі сайыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.

📑Өзі де спорттың нағыз жанашыры ретінде гір спортынан спорт шеберлігіне үміткер, ҚР ұстаздар арасындағы спартакиаданың үш дүркін чемпионы, облыстың бірнеше мәрте чемпионы атанған. Сондай-ақ қол күресінен ардагерлер арасында да облыс чемпионы деген атаққа ие.

🗞️Мұхтар Атлас Әбдіхайдарұлы өзінің бай тәжірибесі мен білімін әріптестерімен бөлісіп, түрлі семинарлар мен конференцияларда денешынықтыру мен спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндама жасап келеді. Оның мақалалары мен әдістемелік еңбектері республикалық және облыстық басылымдарда жарияланған. Сонымен қатар, «Ауыр атлетика мен гір спортын мектептерде дамыту» атты авторлық бағдарламасы жарық көріп, жас мамандар мен ұстаздарға үлгі болып отыр.

🔸«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деген қағиданы өмірлік ұстаным еткен Мұхтар Атлас Әбдіхайдарұлы еңбегімен ел құрметіне бөленген ұстаз, шәкірт жүрегіне жол таба білген нағыз еңбек адамы. Осындай абзал азаматтардың қажырлы еңбегі мен үлгілі өмірі жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз…

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности