+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 02 ноября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұлттың болашағы – ұлағатты ұстаздың қолында. Ұлағатты ұстаз – білімнің, парасаттың, мейірімнің бастауы. Сол ұстаздардың бірі – шәкірт жүрегіне жол тауып, ұрпақ тәрбиесіне бар ғұмырын арнаған ұстаз, Темір ауданы Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасының бастауыш сынып…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🔆Ұлттың болашағы – ұлағатты ұстаздың қолында. Ұлағатты ұстаз – білімнің, парасаттың, мейірімнің бастауы. Сол ұстаздардың бірі – шәкірт жүрегіне жол тауып, ұрпақ тәрбиесіне бар ғұмырын арнаған ұстаз, Темір ауданы Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі Балдосова Құрманай Құлтөреқызы.

✅Балдосова Құрманай Құлтөреқызы — 42 жыл бойы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келеді. Оның ұстаздық жолы – үздіксіз ізденіс пен шығармашылық еңбектің көрінісі. Ол әр баланың жеке қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, оқыту процесінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданады. Сабақтары мазмұнды, қызықты әрі тәрбиелік мәнге толы.

♻️Құрманай Балдосаның шәкірттері түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ұстаздың еңбегінің нәтижесі – оның шәкірттерінің табысы.

Мәселен, Жангүл Аманқұлова мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің грантын жеңіп алып, оны үздік дипломмен тәмамдаған. Ал Айбану Сайлауова – Назарбаев зияткерлік мектебі мен университетінің түлегі, қазіргі таңда білімін магистратурада жалғастыруда.

✏️Қазіргі таңда туған жерінде еңбек етіп жүрген шәкірттері де аз емес. Олардың әрқайсысы өз ұстазын мақтанышпен еске алады.

📝Құрманай Құлтөреқызының табанды еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Ақтөбе–Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Бұл марапаттар – оның тынымсыз еңбегіне берілген әділ баға.

📎Құрманай Балдоса – өз ісіне адал, қарапайымдылық пен парасаттылықты бойына сіңірген ұстаз. Ол – ұжымда сыйлы әріптес, шәкірттеріне үлгі болар тұлға. Отбасында – аяулы жар, үш баланың ардақты анасы, немерелерінің мейірімді әжесі.

📖Ел ертеңі – бүгінгі шәкірттің қолында, ал шәкірт тағдыры – ұстаз қолында.

Балдосова Құрманай Құлтөреқызының өнегелі өмірі мен ерен еңбегі – шын мәнінде еңбек адамының жарқын бейнесі. Ол сөз кәсібіне деген адалдығымен, шәкіртке деген махаббатымен, білім беру ісіне сіңірген еңбегімен ұлт болашағына үлес қосып келеді…

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности