+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 09 ноября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Адамның өмір жолындағы ең абыройлы да жауапты іс – еңбек. Өз ісіне адалдық пен ұқыптылық танытып, бар саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздардың бірі – Бердімағамбетова Жанна Жалғасбайқызы. Жанна Бердімағамбетова ұстаздықтың қыр-сырын меңгерген майталман…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🧩Адамның өмір жолындағы ең абыройлы да жауапты іс – еңбек. Өз ісіне адалдық пен ұқыптылық танытып, бар саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздардың бірі – Бердімағамбетова Жанна Жалғасбайқызы.

📖Жанна Бердімағамбетова ұстаздықтың қыр-сырын меңгерген майталман маман. Ол 1989–1992 жылдары Жаңажол орта мектебінде, 1992–2022 жылдары Шұбарши жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. 2022 жылдан бастап Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасында қызметін жалғастырып келеді.

🖇️Жанна Жалғасбайқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, еңбекқор әрі тәжірибелі ұстаз. Әріптестері мен ата-аналар арасында зор беделге ие. Жас мұғалімдерге тәлімгерлік жасап, әрдайым қолдау білдіріп отырады. Сабақ беруде жаңашыл әдістерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі.

✏️Оның оқушылары «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасы мен облыстық «Бастау» байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр. Тәлімін алған түлектерінің бірі қызыл аттестатпен мектепті бітірсе, енді бірі ұстаздық жолды жалғастырып келеді. Бұл – Жанна ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

🗞️Ұзақ жылғы еңбегі еленіп, түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:

• Ақтөбе облыстық білім басқармасының және кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары (2021, 2022, 2023);

• 2022–2025 жылдар аралығында өткен облыстық пәндік олимпиадаларда І, ІІ, ІІІ орындар;

• ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Мақатаев оқулары» байқауындағы еңбегі үшін Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар (2024);

• 2024 жылы «Педстарт» бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасында І дәрежелі дипломға ие болған.

📖Сонымен қатар, Жанна Бердімағамбетова 2025 жылы «Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары» атты мақаласын баспасөзде жариялап, өз тәжірибесімен бөлісті.

♻️Бердімағамбетова Жанна Жалғасбайқызы – шәкірт жүрегіне нұр құйған, өмірін білім мен тәрбиенің биік мақсаттарына арнаған абзал жан. Еңбекқорлығы мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі оны нағыз еңбек адамы ретінде даралайды.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности