+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 13 ноября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ел ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын ұстаз еңбегі – қашанда қадірлі. Өз өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, адал еңбек пен жауапкершіліктің биігінен көрініп жүрген Ойыл ауданындағы ұстаздардың бірі – Жами Қымбат…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🔆Ел ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын ұстаз еңбегі – қашанда қадірлі. Өз өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, адал еңбек пен жауапкершіліктің биігінен көрініп жүрген Ойыл ауданындағы ұстаздардың бірі – Жами Қымбат Бақтығалиқызы.

✅Қымбат Жами Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген. Бала кезінен білімге құштар, еңбекқор, мақсатшыл болып өскен ол Құрман орта мектебін үздік аяқтап, 1981 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының математика факультетіне түседі. 1985 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, жолдамамен туған жеріндегі Құрман орта мектебіне қызметке орналасады.

📂Жас маман ретінде мектеп қабырғасында өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушыларға терең білім беруге бар күш-жігерін жұмсады. Ұстаздың шәкірттері түрлі пәндік олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, ұстаз еңбегінің нәтижесін айқын көрсетті.

📃Уақыт өте келе ол кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқып, 2017–2019 жылдар аралығында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығын меңгерді. Сол кезден бастап балабақшада қызмет атқарып келеді. Қай салада еңбек етсе де, Қымбат Бақтығалиқызы өз ісіне адалдық пен ұқыптылық танытып, бала жүрегіне мейірім мен ізгіліктің нұрын себумен келеді.

✏️Ұстаздың тынымсыз еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Ақтөбе–Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, білім беру саласындағы табысты еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін шипажайда емделіп, демалуға жолдама иеленді. Бұл марапаттар – оның қажырлы еңбегіне берілген әділ баға.

🖇️Жами Қымбат Бақтығалиқызы – өз ісіне берілген, қарапайымдылық пен парасаттылықты бойына сіңірген тұлға. Ол – ұжымда сыйлы әріптес, шәкірттеріне үлгі болар ұстаз, отбасында аяулы жар, абзал ана.

❇️Оның өмір жолы – жас мамандарға өнеге, ал еңбегі – елге үлгі. Нағыз еңбек адамының бейнесі дәл осындай болса керек.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности