+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 25 ноября 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұрпақ тағдырын қалыптастыратын, қоғамның рухани тірегі. Осы бір қасиетті мамандықты өмірлік мұрат етіп, жарты ғасырға жуық уақытын білім мен тәрбие ісіне арнаған жан – Мейрамкүл Райымбаева. Мейрамкүл Раймыбаева бала кезінен ұстаздық жолға құштар болып өсті…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✏️Ұстаз – ұрпақ тағдырын қалыптастыратын, қоғамның рухани тірегі. Осы бір қасиетті мамандықты өмірлік мұрат етіп, жарты ғасырға жуық уақытын білім мен тәрбие ісіне арнаған жан – Мейрамкүл Райымбаева.

📎Мейрамкүл Раймыбаева бала кезінен ұстаздық жолға құштар болып өсті. 1978 жылы Қаракөл орта мектебін тамамдап, 1979–1984 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында химия және биология пәні мұғалімі мамандығын меңгеріп шықты.

📌Еңбек жолын 1984 жылы Қарабұтақ ауданындағы Талдық орта мектебінде бастаған ол 1997–2010 жылдары Хромтау қаласындағы №3 қазақ орта мектебінде, 2010–2020 жылдары №6 Хромтау гимназиясында қызмет атқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де педагогикалық қызметін тоқтатпай, 2020–2024 жылдары сол гимназияда жұмысын жалғастырды. 2024 жылдан бастап Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатында биология пәнінен сабақ беріп, педагог-зерттеуші біліктілік санатымен 47 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз ретінде қызметін жалғастырып келеді.

📗Шәкірт тәрбиелеуде талапшылдығымен, әділдігімен, ұқыптылығымен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленетін Мейрамкүл Райымбаева ұжымда сыйлы, әріптестеріне әрдайым қолдау көрсететін, кәсіби жаңалықтарды ұдайы зерттеп, тәжірибеге енгізетін жаңашыл ұстаз ретінде танымал.

📃Мейрамкүл Райымбаева «Жас биолог», «Алхимик» және «Үздік слайд» сияқты түрлі сайыстарға оқушыларын дайындап, жоғары нәтижелерге жеткізіп жүргені үшін марапатталды, «Биолог анықтамалығы» және «Химик анықтамалығы» журналдарының Белсенді авторы атанды, «Үздік слайд – 2016» республикалық байқауында III дәрежелі диплом мен медаль иегері болды. Сондай-ақ оның ұстаздық еңбегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ақтөбе облысы әкімдігінің «Ең үздік химия пәнінің мұғалімі» атағымен және 100 000 теңгелік сыйақысымен, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік орталығының алғыс хаттарымен, Білім саласы бақылау департаментінің Алғыс хаттарымен, Республикалық ұстаздар сайтының Құрмет грамотасымен, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Құрмет грамотасымен бағаланған.

📚 Мейрамкүл Райымбаева – ұстаздық жолға адалдығымен, шәкірт тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесімен дараланған нағыз еңбек адамы. Оның өнегелі ғұмыры мен кәсіби жолы – жас мамандарға үлгі, ұрпаққа аманат.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности