+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 02 декабря 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаздық мамандығын абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Ырғыз ауданындағы тәжірибелі мұғалім, педагог–зерттеуші Махаева Зәуреш Жәрдемқызы. Ұстаздық жолын Ырғыз орыс орта мектебінен бастаған Зәуреш Жәрдемқызы кейін №1 қазақ орта мектебінде, Ырғыз…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🖇️Ұстаздық мамандығын абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Ырғыз ауданындағы тәжірибелі мұғалім, педагог–зерттеуші Махаева Зәуреш Жәрдемқызы.

📃Ұстаздық жолын Ырғыз орыс орта мектебінен бастаған Зәуреш Жәрдемқызы кейін №1 қазақ орта мектебінде, Ырғыз гимназиясында қызмет атқарып, мол тәжірибе жинады. 2014–2019 жылдары Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Ал 2019–2021 жылдары Ырғыз гимназиясының директоры әрі гимназия жанындағы интернат меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды. Әр кезеңде ол ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен және адами қасиетімен танылды.

🖇️Педагог-зерттеуші ретінде Зәуреш Махаеваның еңбегі шәкірт жетістіктері арқылы да айқын көрінеді. Ол дайындаған оқушылар жыл сайын аудандық, облыстық пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, түрлі шығармашылық сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Әдебиет пен өнерге баулудағы еңбегі үшін талай мәрте аудандық және облыстық деңгейде марапатталды.

✔️Ізденімпаз ұстаздың қаламынан шыққан әдістемелік еңбектер де кең таралған. Ол 5–11 сыныптарға арналған диктанттар жинағын, «Оқу үдерісінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде шығармашылық пен ізденісті шыңдау стратегиясы» атты әдістемелік құралды, «Үздік қысқа мерзімді жоспарлар» жинағын, «Мектеп жанындағы интернат құжаттарының жинақталуы» әдістемелік құралын, сондай-ақ «Мәтіндік талдау тапсырмалары» авторлық бағдарламасын жасақтап, облыс көлеміне ұсынды. Бұл еңбектер мұғалімдер қауымы арасында кеңінен қолданыс тапқан.

📎Кәсіби шеберлігін арттырудан жалықпайтын Зәуреш Махаева әрдайым шығармашылық ізденісте жүретін педагог. Ол қатысқан кәсіби байқаулардың көбінде жүлделі орын алып, іс-тәжірибесі аудандық және облыстық деңгейде тұрақты түрде таратылып келеді. Жалықпай ізденіп, еңбек етудің жемісі ретінде 2024 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталуы Зәуреш Жәрдемқызының ұстаздық жолындағы ең жоғары жетістіктерінің бірі.

💠Махаева Зәуреш Жәрдемқызы – тек өз ісінің шебері ғана емес, білім саласына адал қызмет етіп келе жатқан, ұрпақ тәрбиесіне шын жүректен үлес қосқан еңбек адамы. Оның өнегелі жолы – жас ұстаздарға үлгі, шәкірттеріне бағдар, қоғамға құнды еңбек.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности