+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 04 декабря 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұрпақ болашағын қалыптастыратын, қоғам дамуына тікелей ықпал ететін ұлы мамандық иесі. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан еңбек адамының бірі – Құдабаева Майдагүл Шәріпқызы. Майдагүл Құдабаева еңбек жолын Дүкен орталау мектебінде бастап…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✏️Ұстаз – ұрпақ болашағын қалыптастыратын, қоғам дамуына тікелей ықпал ететін ұлы мамандық иесі. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан еңбек адамының бірі – Құдабаева Майдагүл Шәріпқызы.

✳️Майдагүл Құдабаева еңбек жолын Дүкен орталау мектебінде бастап, кейін №2 қазақ орта мектебінде, Ырғыз гимназиясында жалғастырды. 2018 жылдан бері облыстық «Бастауыш класс оқушыларының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру» экспериментінде жұмыс істеп келеді. Бастауыш сынып бойынша түрлі біліктілік курстарынан өтіп, педагог-зерттеуші санатына ие болды.

📑Майдагүл Құдабаева кәсіби байқауларға белсене қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүр. «Өз кәсібінің үздік маманы» байқауының жүлдегері, облыстық ғылыми жобалар жеңімпазы атанды. «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгертудегі мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» семинарында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен марапатталған.

📚Авторлық еңбектері де педагогтарға тәжірибелік көмек болып отыр. Оның «Бастауыш класта оқудың жаңашылдықтары» әдістемелік құралы және «Оқушылардың танымдық, шығармашылдығын арттыруға арналған тапсырмалар» жинағы облыс көлемінде таратылған.

🗞️Майдагүл Құдабаева еңбегі еленген білікті маман. Ол Ақтөбе облысы әкімінің (2022) және облыстық білім басқармасының (2021) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Сондай-ақ «Өз кәсібінің үздігі» III дәрежелі дипломының (2020), облыстық пәндік олимпиада II дәрежелі дипломының (2019) иегері. Бұған қоса 2018 жылғы облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы, 2017 жылғы аудандық Алғыс хат және «Үздік сынып жетекшісі» байқауының I орын жүлдесі (2020) оның үздік еңбегінің айғағы.

📎Ұстаздың шәкірттері де қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі «Ақ Бота», «Кенгуру», «Smart Olimpiada», «Бәйтерек», «Мың бала», «Абай», «Мағжан» және басқа да зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

📚Білім жолында табандылық танытып, жаңашылдықты үнемі ізденіспен ұштастырып жүрген Майдагүл Шәріпқызы туған жеріндегі жас ұрпаққа сапалы білім беруге үлес қосып келе жатқан шынайы еңбек адамы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности