+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 16 декабря 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Қоғамның дамуы мен ұлт болашағының баянды болуы ең алдымен өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары еңбек адамдарының тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздардың еңбегі қашанда ерекше құрметке лайық. Осындай абыройлы да…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🖇️Қоғамның дамуы мен ұлт болашағының баянды болуы ең алдымен өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары еңбек адамдарының тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ұстаздардың еңбегі қашанда ерекше құрметке лайық. Осындай абыройлы да жауапты міндетті адал атқарып жүрген білікті мамандардың бірі – Ырғыз ауданы Қарақұдық негізгі орта мектебінің тәжірибелі педагогы Түгелов Болатбек Мырзағұлұлы.

📎Түгелов Болатбек Мырзағұлұлы Қарақұдық негізгі орта мектебінде көркем еңбек пәнінен сабақ беріп, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға сүбелі үлес қосып келеді. Ол ұстаздықты өмірлік мұрат еткен, кәсіби білімі мен тәжірибесін шәкірт тәрбиесіне арнаған жан. Еңбек жолының әр кезеңінде өз білімін үнемі жетілдіріп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға баса назар аударады. Ұстаздың сабағы – тәрбие мен білімнің үйлесім тапқан жарқын үлгісі.

📋Еңбектің еленуі – мәртебе. Ұстаздың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігі жоғары деңгейде бағаланып келеді. Атап айтқанда, 2021 жылы білім саласына қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, 2024 жылы «Шығармашылық ойлау мен зияткерлік дамудың негізгі өнер» тақырыбында облыстық ассоциация аясында өз тәжірибесін үздік көрсеткені үшін Алғыс хатқа ие болды. Республикалық «Инновация» баспа үйі тарапынан берілген Алғыс хат та оның еңбегінің айқын дәлелі.

📚Ұстаздық – Түгеловтер әулетіне тән асыл дәстүр. Бұл өнегелі жолды Болатбек Мырзағұлұлы абыроймен жалғастырып қана қоймай, отбасында да шәкірт тәрбиесіне деген сүйіспеншілікті үлгі етіп келеді. Жұбайы Сәнім Санымбаева да ұстаздықты өмірлік серік еткен аяулы жан. Екеуінің өмір жолы ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан ұстаздық дәстүрдің жарқын көрінісі. Бүгінде бұл игі жолды олардың ұлы Сұлтан Болатбек жалғастырып, жас ұстаз ретінде шәкірт жүрегіне жол табуда.

📄Өз ісіне адал, ұрпақ болашағына жауапкершілікпен қарайтын Түгелов Болатбек Мырзағұлұлы сынды ұстаздар қоғамның шынайы мақтанышы. Оның өнегелі еңбегі мен өмір жолы жас мамандарға үлгі, ал шәкірттері үшін биік адамгершіліктің мектебі болып қала бермек.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности