+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 18 декабря 2025

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз болу – жүрек қалауы, төзім мен мейірімге толы үлкен жауапкершілік. Шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген, білімнің нәрімен сусындатып, мейірім шуағын болашақ ұрпақтың бойына дарыта білген ұлағатты ұстаздардың бірі – Данабаева Мәдина Әлімбайқызы. Мәдина…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✏️Ұстаз болу – жүрек қалауы, төзім мен мейірімге толы үлкен жауапкершілік. Шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген, білімнің нәрімен сусындатып, мейірім шуағын болашақ ұрпақтың бойына дарыта білген ұлағатты ұстаздардың бірі – Данабаева Мәдина Әлімбайқызы.

📎Мәдина Данабаева Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Ақтөбе педагогика училищесін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша тәмамдаса, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтады.

📄Еңбек жолын 1994 жылы «Бөбек» балалар бақшасында тәрбиеші болып бастаған ол, 2007 жылдан бері «Балдырған» бөбекжай-бақшасында табанды еңбек етіп келеді. Жалпы педагогикалық қызмет өтілі – 25 жыл. Біліктілік санаты – педагог-зерттеуші.

✨Еңбегі еленіп, жылдар бойғы тынымсыз қызметі түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, 2025 жылы «Педагогикалық инновациялар мен кәсіби рефлексия» тақырыбындағы республикалық семинарда кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін Алғыс хатпен, сондай-ақ білім беру саласындағы абыройлы еңбегі үшін марапатталды. «Жаңашыл педагог» сертификаты (2025 ж.), «Бояулар құпиясының сырлары» Құрмет грамотасы (2024 ж.), «Қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты қызметі үшін» Құрмет грамотасы (2023 ж.), «Үздік педагог – 2023» дипломы, «Қазақстанның құрметті педагогі» Алғыс хаты, «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» қашықтық олимпиадасының І дәрежелі дипломы – оның еңбегінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, 2024 жылы республикалық шығармашылық байқауда ІІ дәрежелі диплом иеленді.

✔️Ұстаздың басты ұстанымы – «Балаларды тәрбиелеу – әрі еңбек, әрі борыш». Ол тәрбие мен білім баланың табиғи мінезі мен қабілетін ерте жастан қалыптастыратынына сенеді. «Бала – біздің болашағымыз, қуанышымыз» деп білетін Мәдина Әлімбайқызы жас ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім беріп, олардың жарқын болашағына өз үлесін қосып келеді.

📖Осындай еңбекқор, ізденімпаз, жүрегі мейірімге толы ұстаздар ел ертеңінің берік негізі.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности