+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 04 января 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаздық – жүрек қалауымен таңдалатын, үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Осындай абыройлы жолда табандылықпен еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған жандардың бірі – Қарабасова Роза Сейілханқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің…

ЕҢБЕК АДАМЫ

☑️Ұстаздық – жүрек қалауымен таңдалатын, үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Осындай абыройлы жолда табандылықпен еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған жандардың бірі – Қарабасова Роза Сейілханқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, 30 жылдық еңбек өтілі бар білікті ұстаз.

📄Роза Сейілханқызы еңбек жолын сол жылы Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында бастады. 1995 жылдан бері Шалқар қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінде үздіксіз қызмет етіп келеді.

✏️Ұзақ жылғы педагогикалық қызметінде бірнеше буын шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жан-жақты тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеп шығарды. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, мектеп, аудан, облыс көлемінде өткізілетін түрлі іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

📑Ұстаз еңбегі еленбей қалған емес. Ол Ақтөбе облысының білім департаментінің Алғыс хатына, аудандық білім бөлімінің Грамотасына, облыстық кәсіподақ ұйымының Түркия еліне жолдамасына, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық пәндік олимпиадасында ІІІ орын, облыстық пәндік олимпиадада ІІ дәрежелі диплом иеленді. «Үздік ашық сабақ» байқауынан І орын, «Білікті ұстаз – 2023» педагогтердің республикалық олимпиадасында І орын алып, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

📚Роза Қарабасованың шәкірттері де облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Атап айтқанда, «Ақтөбе–Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған республикалық І.Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңінде ІІІ орын, «Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз» республикалық шығармашылық байқауында І дәрежелі диплом, республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді.

🖇️Жаңашылдыққа жаны құмар, ізденістен жалықпайтын Қарабасова Роза Сейілханқызы ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келе жатқан, өз ісінің нағыз шебері, білікті де беделді ұстаз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности