+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 11 января 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаздық – жүрек қалауы мен асқан төзімділікті, мейірім мен үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, өз ісіне адал қызмет етіп келе жатқан еңбек адамдарының бірі – Төлегенова Айгүл Ожанқызы. Айгүл Төлегенова 32 жылдық…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Ұстаздық – жүрек қалауы мен асқан төзімділікті, мейірім мен үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, өз ісіне адал қызмет етіп келе жатқан еңбек адамдарының бірі – Төлегенова Айгүл Ожанқызы.

📄Айгүл Төлегенова 32 жылдық педагогикалық өтілі бар, мол тәжірибе жинақтаған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің білікті мұғалімі. 1988–1993 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында білім алып, ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы №6 жалпы орта білім беретін мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған Айгүл Төлегенова бүгінгі күнге дейін осы білім ордасында абыроймен қызмет етіп келеді. Ұстаз үшін мектеп – тек жұмыс орны емес, шәкірттерінің болашағына бағыт беретін киелі мекен.

📝Білім беру саласында үздіксіз ізденіп, кәсіби шеберлігін шыңдап жүрген ұстаз түрлі біліктілік арттыру курстарынан өтіп, педагог-зерттеуші санатына ие болды.

Оның тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісі елеусіз қалған жоқ. Ұстаздың жетістіктері жыл сайын толығып келеді. 2020 жылы білім беру жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі мен жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық табыстары үшін Құрмет грамотасына ие болды. 2021 жылы «Әдістемелік шеберліктің шыңы» облыстық байқауында II дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол жылы педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру іс-шараларына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат алды. 2022 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасындағы облыстық пәндік олимпиадада I дәрежелі диплом, ал 2023 жылы II дәрежелі диплом иеленді. 2025 жылы аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталып, облыстық «Үздік эссе» байқауында II орынға қол жеткізді.

📎Төлегенова Айгүл Ожанқызының еңбегінің жемісі – оның шәкірттерінің жетістігі. Оқушылары республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде жүлделі III орынға ие болып, «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасы мен «Абай» олимпиадасында жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл – ұстаз еңбегінің шынайы бағасы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности