+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 13 января 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға», – деп ұлы Абай айтқандай, ұстаздық жол – табандылық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Осындай ұлағатты жолды өмірлік мұратына айналдырған жандардың…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📃«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға», – деп ұлы Абай айтқандай, ұстаздық жол – табандылық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті мамандық. Осындай ұлағатты жолды өмірлік мұратына айналдырған жандардың бірі – Шалқар қаласындағы І. Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Төремұратова Света Әлсейітқызы.

📑Света Төремұратова – педагог-зерттеуші, білім беру саласында 42 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз. Ол 1984 жылдан бері осы білім ордасында үздіксіз қызмет атқарып келеді. 1985–1991 жылдары Алматы қаласындағы Қыздар институтының тарих факультетін тәмамдап, жас маманнан білікті ұстаз дәрежесіне дейін өсті.

📝Еңбек жолын пионер-вожатый қызметінен бастаған ол, 1991–2006 жылдары тарих пәні мұғалімі, 2006–2016 жылдары бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары, 2018–2024 жылдары мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 2024 жылдан бастап тарих пәні мұғалімі ретінде шәкірт тәрбиелеу ісін жалғастырып келеді.

☑️Ұстаздың саналы еңбегі шәкірт жетістіктерінен айқын көрінеді. Оның оқушылары республикалық «Тарих ата» олимпиадасында жүлделі І және ІІ орындарды иеленіп, білім бәйгесіндегі жеңістері үшін Астана–Көкшетау–Бурабай бағытында тегін демалу мүмкіндігіне ие болды. 2021 жылы облыстық «Отан тарихы», «Менің кішкентай Отаным» конкурстарында және ғылыми жобалар қорғау сайыстарында І және ІІІ орындарды жеңіп алды.

📄Ұстаз еңбегі лайықты бағасын алып келеді. Аудандық сынып жетекшілер сайысында «Зерттеуші жетекші» номинациясы бойынша ІІ орын, «Ең үздік аудан мұғалімі» байқауында Бас жүлде иеленген. Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырған педагогикалық жетістіктер байқауында «Облыстың ең үздік мұғалімі» атанып, облыс әкімінің грант иегері болды. Республикалық және облыстық педолимпиадаларда І және ІІ орындарды жеңіп алып, аудандық, облыстық, республикалық Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

📎Төремұратова Света Әлсейітқызы – ұрпақ тәрбиесіне бар ғұмырын арнаған, білімі мен білігін шәкірт бойына сіңіре білген нағыз еңбек адамы, ұлағатты ұстаз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности