+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 14 января 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаздыққа адалдық пен басшылыққа жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған еңбек адамы – Юшкевич Елена Павловна Хромтау қаласындағы №2 гимназияны 21 жыл бойы табысты басқарып келе жатқан білікті басшы, тәжірибелі педагог. Елена Юшкевич еңбек жолын 1991 жылы…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📚Ұстаздыққа адалдық пен басшылыққа жауапкершілікті өмірлік ұстанымына айналдырған еңбек адамы – Юшкевич Елена Павловна Хромтау қаласындағы №2 гимназияны 21 жыл бойы табысты басқарып келе жатқан білікті басшы, тәжірибелі педагог.

📋Елена Юшкевич еңбек жолын 1991 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын тәмамдаған соң Хромтау қаласындағы №4 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Ізденіске толы ұстаздық еңбегі оны 1994 жылы тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметіне алып келді. Ал 2004 жылдан бері №2 Хромтау мектеп-гимназиясын басқарып, білім ордасының дамуына бағытталған жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Оның басшылығымен гимназияда педагогикалық серіктестікке негізделген, бірлігі жарасқан, шығармашылыққа бейім ұжым қалыптасты. Оқу-тәрбие үдерісінің сапалы ұйымдастырылуы оқушылардың білім жетістіктерінен айқын көрініс тауып, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі жеңістерге жол ашты. Осы еңбектің нәтижесінде 2014 жылы білім мекемесіне «№2 Хромтау гимназиясы» мәртебесі берілді.

🖇️Оның кәсіби шеберлігі мен басқарушылық қабілеті оның біліктілік санаттарымен де дәлелденеді. Ол «бірінші санатты директор», бастауыш сынып мұғалімі ретінде «педагог-шебер» санатына ие. 2021 жылы «бірінші санатты басшы» біліктілігі берілді. Басшының шешім қабылдаудағы дербестігі, талапшылдығы мен әділдігі ұжым арасында жоғары беделге жеткізді.

✒️Ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі мен білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі елеусіз қалған жоқ. Елена Юшкевич республикалық және облыстық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанып, салалық төсбелгілерге, медальдар мен Құрмет грамоталарына ие болды. Оның жетістіктері табанды еңбектің, кәсіби жауапкершіліктің және ұстаздыққа деген шынайы жанашырлықтың нәтижесі.

📋Елена Юшкевич ұжымда шығармашылық атмосфера қалыптастыруға, педагогтардың бастамалары мен кәсіби дамуын қолдауға үнемі мән береді. Білім саласындағы тынымсыз еңбегі арқылы ол жас ұрпаққа сапалы білім берудің берік негізін қалап, нағыз еңбек адамының жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности