+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 26 января 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз болу – мамандық қана емес, ол табандылық пен төзімділікті, үздіксіз еңбекті талап ететін үлкен жауапкершілік. Осындай қасиеттерді өмірлік ұстанымына айналдырған еңбек адамдарының бірі – №6 Хромтау гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Саудин Нұрқасым…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✒️Ұстаз болу – мамандық қана емес, ол табандылық пен төзімділікті, үздіксіз еңбекті талап ететін үлкен жауапкершілік. Осындай қасиеттерді өмірлік ұстанымына айналдырған еңбек адамдарының бірі – №6 Хромтау гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Саудин Нұрқасым Тұрарұлы.

🖇️Нұрқасым Саудин – саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған тәжірибелі педагог. Оның педагогикалық еңбек өтілі – 43 жыл. Ал №6 Хромтау гимназиясында 2010 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Ол осы жылдар ішінде өз ісіне деген жауапкершілігімен, кәсіби сауаттылығымен, тиянақтылығымен және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуымен әріптестері арасында зор құрметке ие болды.

✏️Білікті мұғалім ретінде ол әрбір оқушының мінез-құлқын, жас ерекшелігі мен қабілетін терең түсініп, соған сай жұмыс жүргізе алады. Сабақ барысында теориялық білім мен жаңашыл педагогикалық тәсілдерді шебер үйлестіріп, оқушыларды тек спортқа баулып қана қоймай, адамгершілікке, тәртіпке, табандылыққа тәрбиелеуді басты мақсат етеді.

☑️Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкірт жетістігі. Нұрқасым Саудин баптаған оқушылар облыстық және республикалық деңгейдегі спорттық жарыстарда, соның ішінде Ұлттық мектеп лигасы мен тоғызқұмалақтан өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. Бұл – мұғалім еңбегінің нақты көрсеткіші.

🔸Еңбек жолында ол білім беру мен спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін түрлі деңгейдегі марапаттармен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Ұстаздың өзі де ардагерлер арасында ұйымдастырылған облыстық және республикалық спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, белсенді өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісін танытып жүр.

✒️Саудин Нұрқасым Тұрарұлы – өз ісін сүйетін, жас мамандарға бағыт-бағдар беретін, шәкірттері үшін әрдайым үлгі бола алатын нағыз еңбек адамы.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности