+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 29 января 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын қасиетті тұлға. Себебі, әрбір адамның өмір жолында бағыт-бағдар беріп, білім мен тәрбие дәнін сепкен жан – ұстаз. Осындай ел құрметіне бөленген, шәкірт жүрегінен орын алған ардақты ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✏️Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын қасиетті тұлға. Себебі, әрбір адамның өмір жолында бағыт-бағдар беріп, білім мен тәрбие дәнін сепкен жан – ұстаз. Осындай ел құрметіне бөленген, шәкірт жүрегінен орын алған ардақты ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Сарыбұлақ елді мекенінің тумасы Мәмбетова Злиха Нұрадинқызы.

📜Злиха Мәмбетова 1974–1984 жылдары Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебінде білім алып, кейін Алматы оқу комбинатында 9 айлық бухгалтер курсын тәмамдады. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚазҰУ) филология факультетіне оқуға түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы атанды.

🔲Педагогикалық еңбек жолын Шалқар қалалық №3 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған ол, 2009 жылдан бері Шалқар қалалық №8 жалпы орта білім беретін мектепте әдіскер-педагог, қазіргі таңда осы білім ордасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп келеді.

📎Ол шәкірттерін түрлі деңгейдегі білім бәйгелеріне дайындап, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Ұстаз еңбегінің нәтижесінде талай шәкірт биік белестерді бағындырып, өмір жолында нық қадам жасады.

▪️Ұлағатты ұстаздың кәсіби еңбегі елеусіз қалған емес. Ол ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, облыстық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы мен жүлдегері. «Ең үздік облыс мұғалімі» гранты, «Үздік әдіскер», «Шығармашыл ұстаз», «Шығармашыл педагог» сияқты байқаулардағы жоғары жетістіктері – соның айқын дәлелі. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, облыстық білім басқармасы, аудандық әкімдік пен кәсіподақ ұйымдарының Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

📑Қарапайымдылығы мен парасаттылығы, жауапкершілігі мен кәсібіне деген адалдығы оны әріптестері арасында сыйлы, шәкірттері үшін үлгі еткен. Өз еңбегімен құрметке бөленген, болмысымен өнеге болған Мәмбетова Злиха Нұрадинқызы – нағыз еңбек адамы, ұрпақ тәрбиесіне өмірін арнаған асыл жан.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности