+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 05 февраля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Еңбек пен шығармашылықты ұштастыра білген ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Ешмұханов Қазыбай Дүйсенбайұлы. Қазыбай Ешмұханов 1970 жылы 13 қарашада Шалқар қаласында дүниеге…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🔻Еңбек пен шығармашылықты ұштастыра білген ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Ешмұханов Қазыбай Дүйсенбайұлы.

📂Қазыбай Ешмұханов 1970 жылы 13 қарашада Шалқар қаласында дүниеге келген. 1977 жылы №1 қазақ орта мектебіне қабылданып, 1987 жылы он жылдық білімін тәмамдады. Сол жылы Ақтөбе педагогикалық институтының Еңбекке баулу және жалпы техникалық пәндер факультетіне оқуға түсіп, 1989–1991 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеді. 1994 жылы Қ.Жұбанов атындағы институтты бітіріп, еңбекке баулу және жалпы техникалық пәндер мұғалімі мамандығын иеленді.

📜Еңбек жолын 1994 жылы Шалқар қаласындағы №1 орта мектепте бастаған ұстаз 2009 жылдан бері №8 мектепте жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінде оның ұстаздық тәжірибесі 32 жылға жетті. Осы уақыт ішінде ол саналы ұрпақ тәрбиелеп, шәкірттерінің қабілетін ашуға елеулі үлес қосты.

✏️Ұстаз еңбегінің айқын көрінісі – шәкірт жетістігі. Қазыбай Ешмұхановтың оқушылары республикалық және халықаралық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. «Daryndy zhas» орталығы ұйымдастырған республикалық байқауда сәндік-қолданбалы өнер бойынша, сондай-ақ Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы өткізген «Жас ғалым» байқауында зергерлік өнер бағыты бойынша жүлделі орындарға ие болды.

🖇️Ешмұханов Қазыбай Дүйсенбайұлының кәсіби еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. 2024 жылы ол Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хатына және облыстық кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйлығына ие болды. 2025 жылы облыстық пәндік олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

📖Ұстаз сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, теорияны тәжірибемен ұштастыра біледі. Қолөнер, ағаш және металл өңдеу, ұлттық бұйымдар жасау бағытында оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға баулиды.

✒️Жауапкершілігі жоғары, талапшыл әрі адамгершілігі мол Қазыбай Дүйсенбайұлы оқушылар мен әріптестері арасында зор сый-құрметке ие. Өз ісіне адалдық пен еңбекті өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаз – нағыз еңбек адамы, ұрпаққа үлгі болар тұлға.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности