+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 11 февраля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – ұлы мамандық. Ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, білім мен білікті қатар ұштастыра білген жандар қашанда құрметке лайық. Осындай тәжірибелі педагогтардың бірі, ақтөбелік ұстаз — Тіржанова Анаргүл Атшыбайқызы. Тіржанова Анаргүл Атшыбайқызы 1976 жылы 17…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📝Ұстаз – ұлы мамандық. Ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, білім мен білікті қатар ұштастыра білген жандар қашанда құрметке лайық. Осындай тәжірибелі педагогтардың бірі, ақтөбелік ұстаз — Тіржанова Анаргүл Атшыбайқызы.

📃Тіржанова Анаргүл Атшыбайқызы 1976 жылы 17 ақпанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылында дүниеге келген. 1982-1992 жылдар аралығында Қараой орта мектебінде білім алып, мектеп қабырғасында жүріп-ақ биология пәніне ерекше қызығушылық танытады. Арман жетегіндегі талапты жас 1998-2004 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша жоғары білім алады.

📑Еңбек жолын туған ауылындағы Қараой орта мектебінде бастап, 2004 жылы химия пәнінен сабақ береді. Ұстаздық жолындағы ізденісі мен жауапкершілігі оны әрдайым алға жетелеп отырды. 2014 жылы отбасы жағдайына байланысты Сапақкөл орта мектебіне ауысып, биология пәнінің мұғалімі ретінде қызметін жалғастырды.

📜Бүгінде еңбек өтілі 31 жылға жуықтаған тәжірибелі ұстаз – педагог-сарапшы санатына ие. Ол – білім сапасын арттыруға, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға ерекше көңіл бөлетін жаңашыл мұғалім. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Әр шәкіртінің бойындағы қабілетті ашып, ғылымға деген құштарлығын арттыру – ұстаздың басты ұстанымы.

☑️Анаргүл Тіржанова – бірнеше марапаттардың иегері. Оның оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатып келеді. Бұл – ұстаз еңбегінің нақты жемісі.

✒️Ұстаздық – тек мамандық емес, ол – жүрек қалауы. Тіржанова Анаргүл Атшыбайқызының саналы ғұмыры шәкірт тәрбиесіне арналып келеді. Өз ісіне адал, жауапкершілігі мол, білікті маман ретінде әріптестері арасында да зор құрметке ие. Саналы ғұмырын білім саласына арнап, талай жастың жүрегіне ғылымға деген сүйіспеншілік ұялата білген ұстаз әлі де талай биіктерді бағындырары сөзсіз.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности