+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 11 февраля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Адам өміріндегі ең абыройлы әрі жауапты іс – еңбек. Саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан шалқарлық ұстаздардың бірі – Тілеубергенов Жұмабек Тілеубергенұлы. Тілеубергенов Жұмабек Тілеубергенұлы — 1963 жылы дүниеге келген. 1980 жылы Қорғантұз орта…

ЕҢБЕК АДАМЫ

🔲Адам өміріндегі ең абыройлы әрі жауапты іс – еңбек. Саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан шалқарлық ұстаздардың бірі – Тілеубергенов Жұмабек Тілеубергенұлы.

🔹Тілеубергенов Жұмабек Тілеубергенұлы — 1963 жылы дүниеге келген. 1980 жылы Қорғантұз орта мектебін тәмамдап, еңбек жолын бастайды. Ақтөбе педагогикалық институтында білім алып, «География» және «Дене шынықтыру» пәндері бойынша мұғалім мамандығын меңгерген.

📃Еңбек жолында аудандық білім бөлімінде, Аяққұм негізгі мектебінде қызмет атқарған. 1999 жылдан бері №2 мектеп-гимназияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. Ұстаздықты өмірлік мұратына айналдырған ол шәкірт тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.

🧩Жұмабек Тілеубергенов – тәжірибелі, ізденімпаз педагог. Ол заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортқа деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосып келеді. Түрлі семинарлар мен конференцияларда баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісуде. Оның әдістемелік мақалалары облыстық және республикалық басылымдарда жарық көрген.

🗞️Көп жылғы табанды еңбегі үшін қалалық, облыстық, республикалық деңгейлерде марапаттарға ие болған. Шәкірттері түрлі жарыстарда жүлделі орындар иеленіп, аудан мен облыс намысын абыроймен қорғап жүр.

▪️Тілеубергенов Жұмабек Тілеубергенұлы – өз ісіне адал, білікті ұстаз, шәкірт жүрегіне жол таба білген өнегелі тұлға.

 

Ақтөбе облыстық ұйымы

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности