+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 15 февраля 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Еңбегімен ел құрметіне бөленген жандардың бірі – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Тайлыбекова Құралай Амангелдіқызы. Құралай Тайлыбекова 1968 жылы 5 қарашада Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. 1986…

ЕҢБЕК АДАМЫ

✒️Еңбегімен ел құрметіне бөленген жандардың бірі – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №2 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Тайлыбекова Құралай Амангелдіқызы.

✏️Құралай Тайлыбекова 1968 жылы 5 қарашада Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. 1986 жылы мектепті тәмамдап, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға түсіп, 1991 жылы жоғары білім алды. 1992 жылдан бері Шалқар ауданындағы №2 мектеп-гимназияда үздіксіз еңбек етіп келеді.

📝Ұстаз еңбегі шәкірт жетістігімен өлшенеді. Жетекшілік еткен сыныптан төрт оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болды.

📜Құралай Тайлыбекова кәсіби қызметінде бірқатар облыстық және республикалық байқауларда жоғары нәтиже көрсетті. «Ең үздік облыс мұғалімі» (2008), «Үздік география пәні оқытушысы» (2018), «Үздік педагог» (2020), «Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы» (2020), «Үздік сабақ жоспары» (2023), «Үздік ашық сабақ» (2024), «Педстарт» (2025) байқауларында жүлделі орындарға ие болды.

📃Ғылыми-әдістемелік бағытта да белсенді. Республикалық, халықаралық конференцияларда баяндамалар жасап, еңбектері жарияланған. 2019 жылы «Географиядан сарамандық жұмыстар жинағы» әдістемелік құралы жарық көрді. 2024 жылы «Түркі әлемі» I халықаралық конгресінде зерттеу жұмысы халықаралық жинаққа енді.

📑2021 жылы «Үздік 100 автор – 2021» жобасында I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2022 жылы Географиядан республикалық атаулы мектептің төсбелгісіне ие болды. 2020, 2023, 2025 жылдары облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігі тарапынан Алғыс хаттар және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

🔻Тайлыбекова Құралай Амангелдіқызы– саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, еңбегімен танылған білікті ұстаз.

ЕҢБЕК АДАМЫ
ЕҢБЕК АДАМЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности