+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК АДАМЫ
Новости территориальных организаций 09 марта 2026

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ Ұстаз – мектептің жүрегі, адамгершіліктің жаршысы әрі болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ұлы тұлға. Қоғамның дамуына үлес қосатын білімді де тәрбиелі жас ұрпақты қалыптастыруда мұғалімдердің еңбегі орасан зор. Осындай ардақты ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы, Ырғыз №2…

ЕҢБЕК АДАМЫ

📃Ұстаз – мектептің жүрегі, адамгершіліктің жаршысы әрі болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ұлы тұлға. Қоғамның дамуына үлес қосатын білімді де тәрбиелі жас ұрпақты қалыптастыруда мұғалімдердің еңбегі орасан зор. Осындай ардақты ұстаздардың бірі – Ақтөбе облысы, Ырғыз №2 жалпы білім беретін орта мектебінің география пәні мұғалімі Жакупова Шара Байденқызы. Ол 33 жылдық еңбек жолын шәкірттерін білім нәрімен сусындатуға арнап келе жатқан тәжірибелі педагог.

☑️Жакупова Шара Байденқызы — 1973 жылы 29 шілдеде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында дүниеге келген. 1988–1992 жылдар аралығында Ақтөбе педагогикалық училищесінде білім алып, ұстаздық жолға алғашқы қадам жасады. Кейін білімін жетілдіру мақсатында 1999 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдады.

🗞️Еңбек жолын білім беру саласына арнаған ұстаз 1996 жылдан бастап Ырғыз №2 жалпы білім беретін орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда ол – педагог-зерттеуші, тәжірибесі мол, шәкірт тәрбиелеуде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ұстаз.

📝Ұзақ жылдар бойы білім беру саласында атқарған жемісті еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып келе жатқаны үшін Шара Жакупова түрлі марапаттарға ие болған. Атап айтқанда, «Құрмет грамотасымен», Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталған.

🧩Ұлағатты ұстаздың ел болашағын тәрбиелеудегі тынымсыз еңбегі өз нәтижесін беріп келеді. Оның шәкірттері түрлі пәндік байқаулар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, ұстаз еңбегінің жемісін көрсетіп жүр.

▪️Бүгінде Жакупова Шара Байденқызы – шәкірт жүрегіне жол таба білген, білімі мен тәжірибесін ұштастыра отырып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келе жатқан қадірлі ұстаз. Оның еңбегі – ел болашағына қосылған зор үлес.

Все новости

Читайте также

  • ЧЕЛОВЕК ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ЧЕЛОВЕК ТРУДА

    28.05.2026
  • ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА
    Новости территориальных организаций

    ҮЛГІ ТҰТАР ТҰЛҒА

    28.05.2026
  • ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛЫ МҰРАТ ЕТКЕН ҰСТАЗ

    28.05.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности